Қызылорда облыстық фтизиопульмонология орталығы

    Жалпы ақпарат
    «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық -құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
    Кәсіпорын «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қызылорда облысының әкімдігінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №102 қаулысына сәйкес қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.
    «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысының әкімдігі атынан Кәсіпорынның құрылтайшысы ретінде әрекет етеді.
    Кәсiпорынның мүлкiне қатысты субъектiнiң құқығын мемлекеттiк коммуналдық меншiк құқығын «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы орган) болып табылады.
    Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.