"Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті" КеАҚ
Тарихи:
Алға қойған мақсаттарға жету үшін Университетте қызметтің келесі түрлері жүзеге асырылады: Университеттің тәрбиеленушілері жақын және алыс шет елдерде табысты жұмыс жасайтын Қазақстандағы көптеген ЖОО-ы мен ҒЗИ-ның оқу және ғылыми ұжымдарын басқарады.Университет қызметінің негізгі мәні Жоғары білім беру, кең бейінді ауруханалардың, мамандандырылған ауруханалардың және стационарлары мен жалпы дәрігерлік тәжірибесі бар басқа да емдеу мекемелерінің қызметі болып табылады.
1) мемлекеттік тапсырыс және коммерциялық негіз шеңберінде білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген оқыту нысандары бойынша медициналық және фармацевтикалық білімі бар жоғары білікті мамандарды даярлау;
2) мемлекеттік тапсырыс және резиденттермен және резидент еместермен шарттық қатынастар шеңберінде магистратурада, резидентурада, докторантурада жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау;
3) шетелдік ұйымдармен қызмет бағыттары бойынша тікелей шарттар мен келісімшарттар жасасу, ғалымдар мен мамандардың уақытша ұжымдарын құру, коммерциялық қызығушылықты есепке ала отырып, прогрессивті дағдылар мен тәжірибе алу мақсатында келісімшарттар, шарттар және меморандумдар негізінде халықаралық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметіне қатысу;
4) ұйыммен көзделген көздер есебінен және ақылы негізде оқыту шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның атынан жасалатын халықаралық келісімдер бойынша, халықаралық қоғамдық және басқа да ұйымдардың бағыттары бойынша жасалған халықаралық келісімдермен, сондай-ақ шет елдердің жоғары оқу орындарымен және шетелдік азаматтармен жасалған шарттар мен келісімшарттар бойынша жүзеге асырылатын шетелдік мемлекеттердің азаматтарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
5) қазіргі заманғы жабдықтарды және оқытудың тиімді нысандары мен оқыту әдістерін, медицина ғылымы мен практикалық денсаулық сақтаудың жетістіктерін пайдалана отырып, сондай-ақ ақылы негізде клиникалық кафедраларда оқу процесін өткізу үшін оңтайлы жағдайлар жасау;
6) бюджеттен қаржыландырылатын жобалардың шеңберінде, сондай-ақ заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша шарт негізінде денсаулық сақтау және медициналық білім беру мәселелері бойынша іздестіру, қолданбалы ғылыми зерттеулер, медицинаның және басқа да әлеуметтік салаларды (адам денсаулығына әсер ететін өндірістік факторлар, еңбек шарттары және оларды аттестаттау, экологиялық және әлеуметтік орта) өзекті мәселелерін шешуге бағытталған биохимиялық, гематологиялық, иммунологиялық, микробиологиялық, функционалдық, морфологиялық және басқа да зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу;
7) бюджеттен қаржыландырылатын жобалар шеңберінде, сондай-ақ заңды тұлғалардың қаражаты есебінен шарт негізінде ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми зерттеулері мен шығармашылық қызметі арқылы медициналық-биологиялық ғылымдарды дамыту, алынған нәтижелерді білім беру процесінде және денсаулық сақтау практикасында пайдалану;
8) Қазақстан Республикасының және шет елдердің жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтарда магистратурада, докторантурада Университеттің ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларын даярлау және қайта даярлау;
9) ТМККК және ақылы қызметтер шеңберінде басым бағыттар бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлескен жұмысты ұйымдастыру;
10) денсаулық сақтау саласындағы қазіргі заманғы диагностикалық және емдеу технологияларын оқыту;
11) ТМККК және ақылы қызметтер шеңберінде, оның ішінде шартты негізде сараптамалық-медициналық көмек, оның ішінде шарт негізінде мамандандырылған консультациялық және кешенді медициналық-диагностикалық және емдік көмек көрсету;
12) ғылыми-зерттеу қызметі шеңберінде медициналық препараттарға, байлап-таңу материалдарына, медициналық мақсаттағы заттар мен емдеу-диагностикалық аппаратураға клиникаға дейінгі, зертханалық және клиникалық сынақтар өткізу;
13) бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ коммерциялық сипаттағы жобалар шеңберінде денсаулық сақтау және медициналық білім саласында ғылыми-білім беру іс-шараларын, көрмелер, семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;
14) меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, қызметкерлер мен Қоғамда білім алушыларға демалыс күндері және өзге де қысқа мерзімді тұру кезеңінде тұрғын үй ұсыну.
Ұйымдық құрылымдық:
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ ұйымдық құрылымы Директорлар кеңесінің 2022 жылғы «28» наурыздағы №3 хаттама шешімімен бекітілді 2022 жылғы «01» сәуірден бастап қолданысқа енгізілді (қосымшаға сәйкес).
Даму стратегиясы:
КеАҚ Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің даму бағдарламасы 2019 жылғы 01 тамызда № 2 хаттамамен бекітілді (Өзгерістер мен толықтырулар енгізілді 2021 ж. 31 наурызда № 2 Хаттама).
Ұйымның веб-сайтына сілтеме:https://zkmu.kz/