«Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» КЕАҚ
Жалпы ақпарат
«Қазгидрогеология» ҰГҚ» КЕАҚ қызметінің түрлері ҚР Су кодексінің 28-бабының 2-тармағында көрсетілген, атап айтқанда:
- халықтың және экономика салаларының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жер асты суларының ресурстарымен және қорларымен сумен қамтамасыз етілуін талдау және бағалау;
- жер асты су ресурстарын басқаруды цифрландыруды ұйымдастыру, гидрогеология саласындағы дерекқорлар мен геоақпараттық жүйелерді және геофильтрациялық әрі математикалық модельдерді, цифрлық, картографиялық дерекқорларды және оларды басқару жүйелерін құру;
- жер асты суларына мемлекеттік мониторинг жүргізу;
- мемлекеттік су кадастрын жүргізуге жер асты сулары бөлігінде қатысу;
- жер асты суларын мемлекеттік іздестіруді және бағалауды жүргізу;
- иесіз өздігінен төгілетін және авариялық гидрогеологиялық ұңғымаларды тексеруді, жоюды және консервациялауды жүргізу;
- суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйіне мониторинг жүргізуді және бағалауды жүргізу;
- гидрогеология және инженерлік геология бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.
«Қазгидрогеология» ҰГҚ» КЕАҚ құрудан күтілетін нәтижелер:
Бірыңғай орталық: Жер асты сулары саласындағы жұмыстарды басқаруды және үйлестіруді орталықтандыру.
Экономика: Жер асты суларын тиімді пайдалану және еліміздің экономикасына тарту.
Сумен жабдықтау: Ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.