Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті
«ҚР ҚК Әскери академиясы «мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 27 ақпандағы № 815 Жарлығымен және «ҚР ҚК ЖОО-да ұйымдастыру іс-шараларын өткізу туралы" ҚР ҚМ 2002 жылғы 2 мамырдағы № 1/29/1/1248 директивасымен Әскери академия Щучинск қаласына көшірілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 21 тамыздағы Жарлығымен
№ 1173 «әскери білім беру жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» ҚР ҚК Әскери академиясы "Ұлттық қорғаныс университеті"мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
2014 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас Қолбасшысы – Президенті Н.Ә. Назарбаев Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің жаңа кешенін ашты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 29 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» РММ болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 645 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне жоғары оқу орны ерекше мәртебесі берілді.
Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 059 «РММ атауын өзгерту туралы» бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті болып қайта аталды.
ҚР ҰҚУ түсу үшін ақпарат