Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
Қоғам келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;
2) тиісті сертификаттар бере отырып, мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту және онлайн режим арқылы оқыту курстарын, мемлекеттік, қоғамдық және жекеменшік ұйымдардың оқытушылары мен аудармашыларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру семинарларын ұйымдастыру және өткізу;
3) мемлекеттік тілді қолдау мен іске асыру үшін ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды қолдай отырып, әдіснамалық-ақпараттық қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік тілді оқыту мәселелеріне және қазақ жазуын жетілдіруге арналған республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер мен әдістемелік семинарларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;
5) мемлекеттік тілді латын графикасына негізделген үйрету әдістемесі бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, сөздіктерді, журналдарды, сондай-ақ мемлекеттік және ана тілдеріндегі білім беру бағдарламаларын әзірлеу және басып шығару;
6) өңірлердегі тіл оқыту орталықтарына үйлестіру-әдістемелік көмек көрсету;
7) оқу орталықтары мен ересектерге сабақ беретін оқытушыларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық комиссияның орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық жұмыс топтарының, сондай-ақ техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жұмыс тобының жұмыстарын үйлестіру, аталған топтардан атқарылған жұмыстар бойынша есеп қабылдау;
9) ұйымдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен әліпбиді және орфографиялық ережелерді әзірлеуге қатысты байланыс орнату;
10) жалға беру және меншікті жылжымайтын мүлікті басқару.