Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

    Академия туралы

    Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білімакадемиясы(бұдан әрі – Академия) – Қазақстанның білім беру жүйесін ғылыми-әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, академиялық еркіндікті кеңейту және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру негізінде білім берудің қазіргі замандағы парадигмасын ілгерілету үшін барлық мүдделі тараптардың (стейкхолдерлердің) күш-жігерін шоғырландыратын республикалық ғылыми-педагогикалық орталық.

    Академия қызметінің мақсаты: педагогикалық парадигманы трансформациялау және мемлекеттің білім беру саясатына ықпал ету арқылы дәстүрлі білім беру практикасын жаңартуды қамтамасыз ететін ұлттық ғылыми- әдіснамалық орталық құру және оның табысты жұмыс жасауы болып табылады.

    Академия қызметінің бағыттары:

    1. Білім беру философиясы мен саясатын теориялық-әдіснамалық қамтамасыз ету.
    2. Білім берудің барлық деңгейлерінің интеграциясы мен сабақтастығын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
    3. Білім беруді жаңғырту процесін әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
    4. Білім беру теориясы мен практикасының дамуын ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету.
    5. Мониторингтік зерттеулер және сапаны басқару.

    Академия қызметінің түрлері:

    1) Білім беру саласында ғылыми зерттеулер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

    2) Білім және ғылым жүйесінің жай-күйіне және дамуына талдау жүргізуге қатысу;

    3) 12 жылдық білім беруге көшуді әдіснамалық және әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету;

    4) білім және ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысу;

    5) білім және ғылым саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын ғылыми-әдістемелік, ғылыми-кеңес берушілік және сараптамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

    6) МЖМБС, орта білім берудің оқу бағдарламаларын, білім берудің барлық деңгейлері оқу-әдістемелік өнімдерінің түрлерін әзірлеуге, апробациядан өткізуге және ғылыми-педагогикалық сараптауға қатысу;

    7) мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ғылыми зерттеу орталықтарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

    8) оқыту мен оқудың цифрлық технологияларын әзірлеуге және оны енгізуге әдіснамалық және әдістемелік қолдау көрсету;

    9) білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу-әдістемелік қызметтердің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;

    10) үздіксіз білім беру мәселелерінде білім беру ұйымдарының ғылыми-әдістемелік қызметін үйлестіру.