Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі

    Жалпы ақпарат

    ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің теңіз порттарының акваториясында теңіз кемелерін пайдалану саласында бақылау-қадағалау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі.
    Негізгі міндет-теңіз порттары акваториясында кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуді бақылау.
    Функциялар:
    1) Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімін, Қазақстан Республикасының бербоут-чартерлік тізілімін және халықаралық кеме тізілімін жүргізу және кемелерді мемлекеттік тіркеу, тиісті кеме құжаттарын беру;
    2) кемелер мен жасалып жатқан кемелерге меншік құқықтарын, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің кепілін және оларға өзге де құқықтарды мемлекеттік тіркеу, тиісті құжаттарды беру;
    3) Қазақстан Республикасы теңізшісінің тізілімдерін жүргізу және жеке куәліктерін, теңізде жүзу кітапшаларын беру, сондай-ақ кәсіби дипломдарды, жеңілдік рұқсаттарын беру, олардың қолданылу мерзімін тоқтата тұру, алып қою;
    4) кеме құжаттарын, дипломдарды, біліктілік куәліктерін және дипломдар мен біліктілік куәліктеріне растауларды тексеру;
    5) кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу тәртібі туралы талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау;
    6) кемелердің портқа келуін және олардың порттан шығуын ресімдеу;
    7) лоцмандық қызметтің қызметін және кемелер қозғалысын басқару жүйесін бақылау және қадағалау;
    8) теңізге батып кеткен мүлікті көтеруге рұқсат беру;
    9) портта құрылыс, гидротехникалық және өзге де жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру;
    10) көлік оқиғасы туралы уәкілетті органды құлақтандыру, кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, сыныптауды және есепке алуды жүргізу үшін қажетті ақпарат пен дәлелдемелерді жинау;
    11)теңіз порты аумағында мемлекеттік органдардың (шекаралық, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық, ветеринариялық, Мемлекеттік кіріс органдарының және басқалардың) орналасқан жерін айқындау;
    12) порт құрылыстарының техникалық жай-күйін және оларды пайдалануды бақылау мен қадағалау;
    13) хаттамалар жасау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
    14) кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
    15) мемлекеттік органдарға авариялық жағдайлар мен көлік оқиғаларының, су көлігін пайдалану тәртібін бұзудың алдын алу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
    16) порт құрылыстарының қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
    17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда теңіз кемелерін әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, теңіз кемелерін тексеріп қарауды жүргізу;
    18) кеме экипажын жасақтауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
    19) жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, олардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жөнінде шаралар қолдану;
    20) өз құзыреті шегінде тексерулер нәтижелері бойынша актілер жасау және су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттары мен нормаларын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізу;
    21) кемеде кеме құжаттарының болуын тексеруді жүзеге асыру;
    22) кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейтін Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін ұстауды жүзеге асыру;
    23) кемелерді пайдалану қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жүктердің сақталуына қатер төнген кезде қозғалысты, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тоқтата тұруды және оларға тыйым салуды жүзеге асыру;
    23-1) "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру;
    24) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.