Құрылым — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті
"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ инвестицияларды тарту жөнінде мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру салаларында Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысушы ведомствосы болып табылады.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы ӨкілдігіҚазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Өкілдік өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ көрсетілген мақсаттарда өзге де қызмет салаларында оң имиджін нығайту және мемлекеттік саясатын іске асыру мәселелері бойынша арнайы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын государственный орган болып табылады.