Қазақстан Республикасының Пхукет қаласындағы Консулдығы

    Консулдық туралы

    Қазақстан Республикасының Пхукет қаласындағы консулдығы 2025 жылғы 30 қаңтардан бастап жұмыс істейді.

    Консулдықтың негізгі міндеттері:

    • Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау;

    • консулдық-құқықтық кеңестер беру, консулдық және мемлекеттік қызметтер көрсету;

    • Қазақстан мен Таиланд арасындағы әртүрлі салалардағы байланыстарды дамытуға жәрдемдесу.

    Консулдықтың консулдық округі Таиланд Корольдігінің 14 оңтүстік провинциясын қамтиды: Чумпхон, Краби, Накхонситхаммарат, Наратхиват, Паттани, Пхангнга, Патхалунг, Пхукет, Ранонг, Сатун, Сонгкхла, Сураттхани, Транг және Яла.