Құрылым — Қазақстан Республикасының Измир қаласындағы Бас консулдығы
Қазақстан Республикасының Измир қаласындағы Бас консулдығы құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 2 наурызында орнатылған. Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі 1992 жылғы қазанда ашылған. Е.О.Сәпиев 2022 жылғы 15 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады. Елшілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде қызмет етеді және ҚР-ның ТР-дағы мүдделеріне өкілдік етеді. Елшіліктің негізгі міндеттері: - Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Түркия Республикасында құқықтары мен мүдделерін қорғау және консулдық қызмет көрсету; - Қазақстан Республикасының Түркия Республикасымен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің түрік серіктестерімен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту және т.б.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ көрсетілген мақсаттарда өзге де қызмет салаларында оң имиджін нығайту және мемлекеттік саясатын іске асыру мәселелері бойынша арнайы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын государственный орган болып табылады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сыртқы саяси қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын, сондай-ақ инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.