Қызметкерлер — Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігі

    Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    8
    Есқараев Азамат Несіпбайұлы
    Қызметкерлер

    Есқараев Азамат Несіпбайұлы

    Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Заңнама департаментінің жетекші маманы болып бастады, кейін бұл министрлікте түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, оның ішінде Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, Заңнама департаментінің директоры болды. 2005-2006 жылдары Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, 2006-2007 жылдары «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметі департаментінің бас менеджері болып жұмыс істеді. 2014-2023 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі қызметін атқарды. Қазақстанның Үндістандағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2023-2025 жылдары Қазақстанның Әділет министрі болған. Ағылшын тілін меңгерген.

    Басқа қызметкерлер

    4