
Қызметкерлер
Сәпиев Еркебұлан Оңалбекұлы
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі
1975 жылы 26 маусымда Мәскеу қаласында туған (РФ). 1998 жылы Анкара университеті - Экономика бакалавры (Түркия), 2017 жылы Айдын Ыстанбұл университеті - Саясаттану және халықаралық қатынастар магистрі (Түркия). І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. Үйленген, төрт баласы бар.