ҚР ЭТРМ
Жалпы ақпарат
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – РМК) қызметінің мәні Қазақстан Республикасының экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын және табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу болып табылады.
РМК қызметінің мақсаты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және орындау, азаматтардың өміріне және денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға құқығын іске асыру үшін тиісті саланың уәкілетті органының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету болып табылады.