ҚР ЭТРМ

    Жалпы ақпарат

    Министрліктің құзыреті шеңберінде Департаменттің міндеттері:
    1) мемлекеттің сыртқы саяси бағытына сәйкес шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен экология және табиғи ресурстар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
    2) экология және табиғи ресурстар мәселелері бойынша екіжақты және көпжақты ынтымақтастық форматында шет мемлекеттермен өзара іс-қимыл мониторингін, бақылауды қамтамасыз ету;
    3) Біріккен Ұлттар ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және басқалар шеңберінде экология және табиғи ресурстар саласындағы халықаралық қоғамдастыққа ықпалдасу және ұлттық мүдделерді қорғау;
    4) экология және табиғи ресурстар саласында халықаралық шарттар мен келісімдер жасасу;
    5) Қазақстанда және шетелде экология және табиғи ресурстар мәселелері бойынша халықаралық іс-шаралар өткізу.