"Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД

    Жалпы ақпарат
    1. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтарына, ӨД бұйрықтарына және осы Қазақстан Республикасы Өнеруәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің Солтүстік Қазақстан өңірлік инспекциясы туралы ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
    2. Инспекция құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің келісімі бойынша Қазақстан Респубикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің (бұдан әрі- Министрлік) аппарат басшысымен бекітіледі.

    2.Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

    1. Миссиясы: елдің барлық өндірістік саласын белсенді дамыту үшін минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында Қазақстан аумағының геологиялық зерделенуін арттыру.
    2. Міндеттері: мемлекеттік геологиялық зерделеу және минералдық-шикізат базасын өндіру салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
    3. Функциялары:

    1) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарының сақталуын бақылау;

    2) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;

    3) жер қойнауы мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу;

    4) жер қойнауын геологиялық зерттеу, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

    5) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

    6) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;

    7) жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою актісіне қол қою жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу;

    8) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 3) және 6) тармақшаларында, 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 9) және 10) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерiлетiн субъектiге жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы тексерудің олар басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын хабарлау;

    9) мемлекеттік бақылау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

    10) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;

    11) Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспардан тыс тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұзарту және олардың күшін жою туралы қосымша актіні, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспардан тыс тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаларды құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда ресімдеу және тіркеу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару және олардың нәтижелері туралы жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну;

    12) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Қазақстан Республкасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

    13) пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелерінің шекараларын айқындау, геологиялық ақпаратты пайдалану және 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген басқа да мәселелер бойынша құзыретті органмен өзара әрекеттесу және үйлестіру;

    14) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасы министрінің бұйрықтарында және Геология комитетінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

    1. Инспекцияның құқықтары мен міндеттері:

    Инспекция мыналарға құқылы:

    1) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды Кәсіпкерлік кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізуге;

    2) тексеруді немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды Кәсіпкерлік кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен белгіленген негізде және тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;

    3) оның құзыретіне қатысты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастыруға, және заңнамамен белгілінген әкімшілік жаза салуға;

    4) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрауға және алуға;

    5) Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

    6) кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге де іс- шаралар ұйымдастыруға және өткізуге қатысуға;

    7) «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД қызметтінің басшылық ететін бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдарын (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

    8) Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға.

    Инспекция міндеттеріне мыналар кіреді:

    1) инспекцияға жүктелген міндеттер мен қызметтерді іске асыруды қамтамасыз ету;

    2) Қазақстан Республикасы заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

    3) инспекция теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету.

    1. Инспекция қызметін ұйымдастыру
    1. Инспекция Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие болады.
    2. Инспекцияны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
    3. Инспекция басшысы инспекция қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
    4. Осы мақсаттарда басшы:

    1) бас мамандардың міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;

    2) өңіраралық департамент мүддесін басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;

    3) Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.