Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
«Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
- Функциялары:
- жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдау,
болжау, өңірдің және облыстың жергілікті атқарушы органына хабарлау;
- облыстың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;
3) ұлттық жобалар бойынша, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;
4) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;
5) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды жүзеге асыру;
7) бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда қосымша төлемді жүргізу;
8) жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыру;
9) ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау жұмыстарын ұйымдастыру;
10) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қолдану;
11) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
12) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз ету;
13) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;
14) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
15) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
16) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
17) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдау;
18) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
19) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
20) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;
21) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
22) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;
23) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсыну;
24) «Парыз» , «Еңбек жолы» конкурстарын ұйымдастыру;
25) Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнінде тұракты әрекеттегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
26) соғыс және еңбек ардагерлері мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
27) Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншық немесе қамқоршылық белгілеу;
28)Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен мүлікке билік ету, зейнетақырларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша шешім беру;
29)Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған кәмелетке толған адамның мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру;
30) 1941 жылғы 22 маусым -1945 жылғы 9 мамыр кезеңіндегі кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың жұмыс стажын белгілеу аудандық комиссия жұмысын ұйымдастыру;
31) Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
32) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;
33) Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
34) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
35) Есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектігі бар құжаттарды ресімдеу;
36) Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
37) Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
38) Стационарлық жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу;
39) Жартылай стационарлық жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеуге;
40) Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
41) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
42) Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
43) тұрғын үй көмегін тағайындау;
44) Еңбекші көшіп келушілерге рұқсатты беру,
45) Еңбекші көшіп келушілерге рұқсатты ұзарту;
46) мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті, лимиттердің жұмсалуын, әкімшілік бағдарламалардың шығыстар сметаларының орындалуын, бухгалтерлік есептің бюджеттік сыныптамасының дұрыс жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау;
47) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру (мақалалар жариялау, дөңгелек үстелдер өткізу және т.б.).
48) өндірістік процестерді тұрақтандыру, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумды жасақтау жұмысын ұйымдастыру;
49) бөлімде атқарылған жұмыстарды интернет-ресурсқа, ақпарат құралдарына орналастыру, жаңғыртып отыру;
50) аудан бойынша мүгедектігі бар адамдардың құқығын және объектілерге қол жетімділігін қамтамасыз етуде оларға кедергісіз орта құру, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін паспорттау, тізімдеу және қолжетімділіктің интерактивті картасына орналастыру бойынша жұмыстар жүргізу;
51) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру.
52) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру;
53) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;