Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі

    Жалпы ақпарат

    «Махамбет аудандықішкі саясат бөлімі» мемлекеттік

    мекемесі туралы

    1. Функциялары:

    1) қоғамдағы демократиялық институттарды нығайтуға қатысу, Қазақстанның даму Стратегиясының, Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттау;

    2) ішкі саясат, қоғамдық – саяси саласының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру мен насихаттау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіру;

    3) ішкі саясат саласындағы концептуалды негіздер мен тәжірбиелі ұсыныстарды, сондай-ақ азаматтық ұқсастықты қалыптастыру, Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары негізінде ұсыныстарды өндіру;

    4) өңірде болып жатқан қоғамдық – саяси процестер мен олардың дамубарысын жан - жақты және обьективті зерделеу, қорытындылау және талдау;

    5) мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік деңгейде жүзеге асыру, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің мемлекеттік тапсырысты орындау, оны өткізу бойынша үйлестіру, бұқаралық ақпарат баспа және электронды құралдардың мониторингін жүзеге асыру;

    6) өңірде қоғамдық - саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтану және саясаттану зерттеулерін жүргізу;

    7)бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу саласының жұмыстарын үйлестіру;

    8) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу, құқық қорғау, басқа да органдармен тығыз байланыста жұмыс жасап, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдық наразылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындармен, оның ішінде, оппозициялық бағыттағылармен алдын алу жұмыстарын жүргізу;

    9) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын және аудандағы қоғамдық-саяси шаралардың, атқарылған жұмыстардың ақпараттық насихатталуын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланатын мақалаларды дайындау және жариялануын қамтамасыз ету. Жарияланатын мақалаларға мониторинг жүргізу, аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс жасау;

    10)мекеме, кәсіпорындардағы, мектептердегі қайырымдылық қорларының жұмыстарын жүйелеу, үйлестіру, ұйымдастыру;

    11)«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңның орындалуы жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру;

    12)Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттарды бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, тексеру қорытындысымен анықталған кемшіліктер бойынша әкімшілік процессуалдық істерді жүргізу, істі сотқа жолдау, сот процесінде қорғау;

    13) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру;

    14) ауданда жастар саясатының жүзеге асырылуына бақылауды іске асыру;

    15) саяси партиялар, ұлттық мәдени бірлестіктермен, діни және басқа да, қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асыру;

    16) азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша діни салада конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлардың өткізілуін ұйымдастырады;

    17) мемлекеттiк органдардың, дiни бiрлестiктердiң «Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

    18) Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын бұзғандығы бойынша өтініштерді қарап, қажетті шараларды алу;

    19) бөлімнің дін бағытындағы, жастар саясатына, қоғамдық саяси ахуалға қатысты ағымдағы және болашақтағы жұмыс жоспарларын жасайды, орындалуын қамтамасыз етеді;

    20) аудандық діни ақпараттық - түсіндіру топтарының жұмысын ұйымдастырады. Азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша білім беру ұйымдарында, елді мекендерде, ұжымдарда діни ақпараттық-насихаттық топтарымен ағарту, түсiндiру жұмыстарын жүргiзеді;

    21)аудан аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң қызметтерін зерделейді және талдайды;

    22) аудан көлеміндегі мешіттердің, ғибадатханалардың жұмысына рейдтік шара ұйымдастырады, мониторинг жүргізеді;

    23) жастар ісі жөніндегі қоғамдық бірлестіктер, ұйымдармен жұмыс, аудандағы жастар саясатын жүргізу, жастар ресурстық орталығымен тығыз байланыста жұмыс жасау, жастармен жұмысты үйлестіру;

    24) аудандағы діни қоғамдық - саяси ахуалға мониторинг жүргізу. Аудандағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау, басқа да органдармен тығыз байланыста жұмыс жасау;

    25) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты тиісті деңгейде жүргізу;

    26) өз құзыреті шегінде баспасөзге жазылуды ұйымдастыру, үйлестіру баспасөзге қатысты құжаттармен жұмыс жүргізу, округтер бойынша талдау жасау, қорытындылау, ақпарат жолдау;

    27) аудан әкімі жанындағы Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, аудан әкімі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын үйлестіру;

    28) аудан көлеміндегі этносаралық саладағы ахуал бойынша тоқсан сайын облысқа есеп беру;

    29) ардагерлер және мүгедектігі бар тұлғалардың қоғамдарымен, саяси партиялармен жұмыс жасау;

    30)жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

    31) әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының жұмысын үйлестіру, тоқсан сайын комиссия отырыстарын өткізу.

    32) медиация саласында жүйелі жұмыс жүргізу.