Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі
«Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
- Функциялары:
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатынасу;
2) аумақтың даму бағдарламасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерін мониторингілеу және талдау;
4) аумақтың даму бағдарламасының орындалысына мониторинг және талдау жүргізу;
5) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері және аумақтың даму бағдарламасының орындалу барысы туралы талдамалы ақпаратты дайындау;
6) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін функционалдық талдау;
7) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру;
8) тиісті жоспарлы кезеңге аудандық және ауылдық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудандық мәслихаттың шешімдері жобаларын әзірлеу және оларды аудандық әкімдігінің қарауына ұсыну;
9) аудандық әкімдігінің аудандық бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы, аудандық әкімдігінің тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеті туралы аудандық мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыларының жобаларын әзірлеу;
10) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау және оларға қорытындылар дайындау;
11) әлеуметтік – экономикалық даму болжамын ескере отырып, аудандық бюджетке Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша түсімдерді болжау;
12) басым аудандық бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастыру;
13) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
14) заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекет қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржылық-экономикалық негіздемелеріне қорытынды беру және оларды бағалауды жүзеге асыру;
15) аудандық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу және түзету бойынша қорытындылар дайындау, сондай-ақ ұсыныстар енгізу, сараптамалар жүргізу және консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтерді жүзеге асыру;
16) аудандық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
17) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағдарламалар жобаларында ұсынылған нәтижелік және тиімділік көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі функцияларына, өкілеттіктеріне, бағыттарына сәйкестігі мәніне қарау;
18) бюджеттік қаржыландыру көлемімен қамтамасыз етілу бөлігінде аумақтың даму және салалық бағдарламаларын келісуді жүзеге асыру;
19) аудандық және ауылдық бюджетті нақтылау (түзету) және секвестрлеу бойынша ұсыныстар енгізу;
20) бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылық және салааралық үлестіру;
21) аудандық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
22) бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
23) бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы ақпаратты дайындау;
24) бюджеттік ақшаны басқаруды жүзеге асыру;
25) аудандық бюджеттің міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
26) жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
27) бюджеттік кредиттерді беру, олардың мониторингін және қайтарылуын қамтамасыз ету;
28) жергілікті атқарушы органның борыштарын алу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету мониторингін жүзеге асыру;
29) бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау жүргізу үшін ақпараттар дайындау және ұсыну;
30) жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу туралы аудандық әкімдігінің қаулыларының жобаларына қорытындылар дайындау;
31) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
32) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізеді;
33) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды міндетті түрде жария тыңдаулар өткізе отырып жекешелендіруді ұйымдастырады;
34) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;
35) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ олардың акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығаруды ұйымдастырады;
36) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
37) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беруді ұйымдастырады;
38) аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беруді ұйымдастырады;
39) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
40) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
41) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
42) өзіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
43) аудандық коммуналдық мүлікті, оның ішінде коммуналдық кәсіпорындардың және жергілікті атқарушы орган қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүргізу;
44) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және дебиторлық берешекті есептен шығаруға немесе беруге келісім беру;
45) тиісті саланың уәкілетті органына аудандық коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруына келісім беру;
46) Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады;
47) аудандық коммуналдық мүлік мәселелері бойынша мемлекет мүдделерін білдіру және мүліктік құқықтарын қорғау;
48) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру, сондай-ақ оны қалыптастыруға және жүргізуге арналған шығыстарды қаржыландыру;
49) аудандық коммуналдық мүліктің пайдалануына және сақталуына, сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына, жекешелендіру бойынша сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуына бақылау жүргізу;
50) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың аудандық коммуналдық меншікке берілетін мүлкі жөнінде сыйға тарту шартын жасау туралы шешімді қабылдауға қатынасу;
51) аудандық коммуналдық мүліктің нысаналы пайдалануын бақылаудың нәтижелерімен анықталған, аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың артық, не мақсатқа сай пайдаланылмаған мүлікті алып қою бойынша ұсыныстар беру;
52) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген жағдайлар мен шарттарды ауданның коммуналдық меншігіне алынатын мүлік үшін өтемді төлеуді жүзеге асыру;
53) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық жүргізу туралы хабарламаны электрондық форматта тізілімнің веб-порталы – www.e-qazyna.kz Интернет желісіне орналастырып жариялау;
54) бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу;
55) есепті қаржы жылындағы аудан бюджетінің атқарылуы туралы есепті жасау және аудандық әкімдігіне, бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсыну, есепті қаржы жылындағы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;
56) ай сайын аудан бюджетінің атқарылуы туралы есепті жасау және аудандық әкімдігіне, бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға, ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға, тексеру комиссиясына ұсыну;
57) аудандық бюджет бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшанын түсуі мен жұмсалуы туралы есептерді жасау;
58) аудан бюджетінің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептер жасау;
59) аудан бюджетінің атқарылуы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;
60) мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға рұқсат және өтінім беру;
61) аудандық бюджеттің атқарылуы, коммуналдық мүлікті басқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы басшылық және салааралық үйлестіру;
62) мемлекеттік жоспарлау жүйесі, мемлекеттік қаржы, мемлекеттік мүлікті басқару, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүргізу, бюджеттік есеп және есептілікті жүргізу саласындағы заңнамалардың қолдану тәжірибесін талдау және оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
63) салық салу үшін жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын жылжымайтын объектілерін бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
64) заңнамамен жүктелген өзге де функциялар.