Атырау облыстық мәслихаты аппараты құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.
Мәслихат (жергілікті өкілді орган) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыруға қажетті шараларды айқындайтын, олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылады. Мәслихаттың заңды тұлға құқықтары болмайды. Мәслихаттың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.