Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы

    Жалпы ақпарат

    «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік жастар саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Миссиясы: өңірде мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру және жастар бастамашылдығын қолдау, жастардың белсенділігін дамыту, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру және жастар арасында азаматтық - құқықтық және өнегелік мәдениетке тәрбиелеу болып табылады.