Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, "Жармыш ауылы әкімінің аппараты" мм

    Ауыл әкімдігі туралы

    Жармыш ауылдық әкімшілігі 1993 жылғы 3 наурызда аудан әкімінің №43 шешімімен қайта құрылды. Жармыш ауылы аудан орталығы Шетпе ауылының шығыс бетінде 25 шақырым, облыс орталығынан 180 шақырым қашықтықта орналасқан. Облыс, аудан орталықтарынан елді мененге дейін асфальт жол бар, республикалық автокөлік жолының бойы, темір жол станциясынан қашықтығы - 25 шақырым.

    Жармыш ауылының жалпы жер көлемі - 588953 га, оның ішінде ауылшаруашылығына жарамдысы - 523311 га.

    Жармыш елді мекенінің жер көлемі - 6896 га, оның ішінде жайылысы 6266 га.Жергілікті атқарушы орган өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, ҚР Орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін ҚЗ Заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттілігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жәй-күйіне жауапты орган.

    ОтырысАяқталды

    Маңғыстау ауданына қарасты Жармыш ауылында соғыс ардагерлерінің есімдері ауыл көшелеріне берілді

    Бүгін Маңғыстау ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін ұлықтау мақсатында маңызды рухани шара өтті. Атап айтқанда, Жармыш ауылында ел қорғаған ерлердің атына 4 көше берілді. Бұл шара Мемлекет басшысының Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, бір немесе одан да көп орденмен марапатталған соғыс ардагерлерінің есімдерін көше атауына беру туралы тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылды. - Аудан бойынша ауылдардан 12 ардагердің есімі ұсынылып, оның ішінде 10 тұлғаның есімі мақұлданды. Нәтижесінде Жармыш, Онды, Ұштаған, Шебір, Сайөтес ауылдарында соғыс ардагерлерінің аты көшелерге беріліп отыр. Біз осы арқылы кейінгі ұрпаққа олардың ерлігін, майдан даласында от пен оқтың ортасында жүріп, Отан алдындағы борышын адал атқарғанын ұлықтап отырмыз. Ел қорғаған ерлерге тағзым көрсету - біздің міндетіміз, - деді шараға қатысқан аудан әкімі Ғалымжан Ниязов. Жармыш ауылында есімі ұлықталған ардагерлердің қатарында 1924 жылы туған майдангер, кейінгі жылдары білім беру саласында қызмет атқарып, ел құрметіне бөленген Биқас Рзаханов, 1927 жылғы ардагер, жауынгерлік жолы мен бейбіт еңбекте көрсеткен үлесімен ел жадында қалған азамат Бақтығұл Итемгенов, Ұлы Отан соғысына қатысушы, ауылдық кеңесте және шаруашылық саласында белсенді еңбек еткен тұлға Балтабай Құрақов және ауыл мәдениеті мен шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан, бірнеше мемлекеттік марапат иегері Нармұхамбет Бөлекбаевтың есімі бар. Мұндай шара Ұштаған, Онды, Шебір, Сайөтес ауылдарында да өтуде. Сайөтесте Ләтіп Қуанышев, Шебірде Қоңыр Тарбақов, Ондыда Мұқыр Ниязұлы, Ұштағанда Ерғали Төлесіновтердің атына да көше берілді. Ауыл тұрғындары рухани шара туралы «бұл - тарихын құрметтеген халықтың рухани борышы» екенін атап өтті. Енді ардагерлердің ерлігі мен өткен өмір жолы – ел жадында, есімі – туған ауылдың төрінде жаңғырмақ.

    13 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    Жармыш