Қызметкерлер — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылдық округі

    Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылдық округі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Мергенов Наурызбек Оразғұлұлы
    Әкім

    Мергенов Наурызбек Оразғұлұлы

    Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппараты ММ

    Наурызбек Мергенов 1998 жылы Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. 2019 жылы – Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша, 2022 жылы – Батыс Қазақстан инновациалық-технологиялық университетін тарих мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2019-2020 жылдары Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппаратында, 2020-2021 жылдары Маңғыстау аудандық жер қатынастары бөлімінде, 2021-2022 жылдары Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив-ісі басқармасында бас маман, 2022-2024 жылдары С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектепте тарих пәнінің мұғалімі және 2024 жылдың қазан айынан бері Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман қызметін атқарып келді. 2025 жылдың 5 қарашасынан бастап Тұщықұдық ауылдық округі әкімі.