Құрылым — Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

    Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Ақпараттық қауіпсіздік комитеті

    Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті

    Комитет ақпараттық қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырумен, сондай-ақ мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалу деңгейін қолдаумен айналысады.

    infsecurity
    Телекоммуникация комитеті

    «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникация комитеті» РММ

    байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін, оның ішінде телекоммуникация және пошта байланысы саласында байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; өз құзыреті шеңберінде байланыс, пошта саласындағы қызметті, сондай-ақ байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыру; ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру; өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау; байланыс саласындағы инфрақұрылымның дамуын жүзеге асыру.

    telecom
    Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті

    Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті

    Комитет жасанды интеллект, инновациялар, электрондық өнеркәсіп және цифрлық активтер саласындағы даму мен реттеуге жауапты мемлекеттік мекеме болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері аталған салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, инновациялық және ғылыми-техникалық қызметті ынталандыру, сондай-ақ технологиялық дамуды қолдау болып табылады. Комитет жетекшілік ететін салаларда нормативтік-құқықтық реттеуді, салааралық үйлестіруді және консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асырады, Қазақстанда IT-стартаптар мен инновациялық жобаларды дамыту үшін негізгі платформалардың бірі болып табылатын «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің қызметін үйлестіреді. Комитет Қазақстанның мүдделерін әлемдік аренада ілгерілету үшін ұлттық және халықаралық ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды.

    aidc
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті

    Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті

    Комитеттің басты міндеті – мемлекеттік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, оларды оңтайландыру, автоматтандыру және "бір терезе" қағидаты бойынша көрсету. Бұл үшін Халыққа қызмет көрсету, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі мәселелері бойынша Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, государственный орган электрондық мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалайды, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, "электрондық үкімет" және 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын бақылайды.

    kgu