Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Куйбышев ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    "Қызылжар ауданы Куйбышев ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ Куйбышев ауылдық округі әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық саладағы қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.

    "Қызылжар ауданы Куйбышев ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімінің нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    Қазақстанда 2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы жұмыс істейді. Бұл құрал мемлекетке отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты бағалап, олардың қандай әлеуметтік қолдауға мұқтаж екенін анықтауға мүмкіндік береді. Бүгінде жүйе 6,2 млн отбасын немесе шамамен 20,4 млн адамды қамтиды. Ол 30 цифрлық жүйедегі мәліметті пайдалана отырып, қажетті ақпаратты автоматты түрде жинақтайды. Қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасы отбасының жағдайын екі негізгі бағыт: материалдық әл-ауқаты мен өмірлік жағдайлары бойынша бағалайды. Материалдық әл-ауқатты бағалау кезінде отбасының активтері, атап айтқанда, тұрғын үй, автокөлік, жер учаскесі және коммерциялық жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы, кәсіпкерлік қызметке қатысуы, сондай-ақ кредиттік жүктемесі ескеріледі. Бұл ретте мүліктің бар-жоғы ғана емес, оның сипаттамалары да маңызды рөл атқарады. Мәселен, пәтер, автокөлік немесе шағын жер учаскесінің болуы отбасының нақты ауқатты екенін білдірмейді. Сонымен қатар жүйе отбасы мүшелерінің жасын, балалары, мүгедектігі бар және созылмалы аурулары бар адамдардың болуын, сондай-ақ отбасының әлеуметтік жағдайына әсер етуі мүмкін өзге де өмірлік мән-жайларды ескереді. Мысалы, екі отбасының табысы бірдей болғанымен, олардың тұрмыс жағдайы әртүрлі болуы мүмкін. Бір отбасында ата-ананың екеуі де жұмыс істесе, екіншісінде барлық отбасы мүшесін асырайтын тек бір адам. Оның үстіне отбасында кішкентай балалар немесе қосымша күтім мен шығынды қажет ететін мүгедектігі бар адамдардың болуы да отбасы деңгейін анықтауда назарға алынады. Сондықтан Отбасының цифрлық картасы отбасылардың әл-ауқатын бағалау кезінде тек табысын ғана емес, сонымен бірге мүлкін, отбасы құрамын және өмірлік жағдайларын да ескереді. Жинақталған деректер негізінде отбасының әл-ауқат деңгейі санаттардың бірі бойынша айқындалады: жоғары, ауқатты, қанағаттанарлық, экономикалық осал немесе экономикалық және әлеуметтік осал. Бұл ретте бағалау цифрлық жүйелерден түсетін жаңартылған мәліметтер негізінде тұрақты түрде жүргізіледі. Отбасының цифрлық картасының басты мақсаты – әр отбасының нақты жағдайын барынша дәл бағалап, оның өмірлік мән-жайларын ескере отырып, қажетті әлеуметтік қолдауды ұсыну.

    Ашу

    eGov Mobile қосымшасындағы әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейді?

    Ашу

    Еңбек министрлігі цифрлық сервистерді түсіндіруді жалғастыруда: eGov Mobile қосымшасында әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі қолжетімді

    Ашу

    Еңбек министрлігі 2027 жылғы 11 қаңтардан бастап әлеуметтік қолдаудың атаулылығы мен әділдігін арттыруға бағытталған пилоттық жобаны іске қосады

    ОтырысАяқталды

    tbasy Dauysy 2025 онлайн-челленджі

    🎤 Otbasy Dauysy 2025 онлайн-челленджі 📅 Қатысу мерзімі: 1 қазанға дейін 📍 Платформа: Instagram (Reels немесе лента) 👨‍👩‍👧‍👦 Қатысушылар: Қазақстандық отбасылар 📌 Қалай қатысу керек: -Отбасылық әнді таңдаңыз (кавер немесе авторлық) -3 минутқа дейінгі тік форматтағы видео түсіріңіз -Instagram-ға #OtbasyDauysy2025 хештегімен жариялаңыз -Сипаттамада: қатысушылардың аты-жөні, жасы, өңірі, байланыс нөмірі -Постты 1 қазанға дейін өшірмеңіз Сұрақтар бойынша: ‪+7 775 669 6859‬ (WhatsApp) 🏆 Үздік отбасылар марапатталады және келесі кезеңге жолдама алады! 📲 Қорытынды — 1 қазанда @senim01.kz Instagram парақшасында

    25 қыркүйек 2025 ж. – 1 қазан 2025 ж.Тікелей
    Онлайн
    Ақпарат

    Кесте Куйбышев ауылдық округі әкімінің азаматтарды қабылдауы 2026 жылға арналған

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Куйбышев округі бойынша кәсіби емес медиаторлар тізілімі

    Жарияланды: