Қызылорда облыстық тері-венерология диспансері

    Жалпы ақпарат
    «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық тері-венерология диспансері» шаруашылық жүргізу кұқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әpi - Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу кұқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-кұқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
    Кәсіпорын «Облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысының әкімдігінің 2019 жылғы
    02 мамырдағы №1378 қаулысына сәйкес қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды.
    «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысының әкімдігі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) атынан Кәсіпорынның құрылтайшысы ретінде әрекет етеді.
    Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы орган) болып табылады.
    Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.