Қызметкерлер — Қызылорда облысы Шиелі ауданы Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты

    Қызылорда облысы Шиелі ауданы Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлы
    Әкім

    Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлы

    "Телікөл ауылдық округінің әкімі"

    Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлы 1970 жылы 25 қазанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген. 1988 жылы Октябрьдің 14 жылдығы атындағы №45 қазақ орта мектебін бітіріп, 1996 жылы Қызылорда ауылшаруашылық колледжін бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау жөніндегі экономист мамандығы және 2005жылы Қызылорда "Сейхун" академиясын "Экология және табиғатты пайдалану" мамандығы бойынша бітіріп шыққан.