Қызылорда облысы Шиелі ауданы Талаптан ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік жайлы

    «Талаптан ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    2026 жылы атқарылған жұмыстар

    Талаптан ауылдық округінде жалпы ұзындығы 32,64 км құрайтын 18 көше бар. Бұл көшелердің 16,64 км бөлігі (51%) асфальтталған,6,73 км-іне (21%) тас төселген. 9,27 км-і (28%) топырақ жол. Көшелерді қайта жаңарту (реконструкциялау) жұмыстары бойынша жоба сметалық құжаттары дайындалып, жұмыс жобасы мемлекеттік сараптамадан өткізілген және осы жұмыстарды орындау мақсатында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырылған болатын. 3 (үш) көшені (М.Кеншімбаев, Талаптан, Назембау көшелерінің) ағымдағы жөндеу жұмыстарына және Б.Палымбетов көшесінің электр бағаналарын ауыстырумен осы көше бойына қосымша трансформатор орнату жұмыстарына жоба сметалық құжаттар дайындалып, аталған жұмыстарды орындау мақсатында қаржы бөлу үшін жыл басында аудандық экономика және қаржы бөліміне қажетті қаржыға өтінім берілді. Ұсынылған жұмыстардың барлығы жоба бойынша жұмыстардың атқарылуына қажетті қаржының бөлінуін күтуде. Балаби елді мекені жалпы барлық орнатылған жарықшамдарының саны 492. Жыл басынан бері елді мекен ішіндегі жарамсыз болып жанбай қалған 25 жарықшам ауыстырылды. Ауыз су жүйесі толығымен шешімін тапқан. Ауыл ішкілік аяқ су мәселесі бойынша Шиелі Сушар өндірістік бөлімшесімен келісімшарт жасалып, аяқ су пайдалану кезектілікке қойылды. «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында үнемі сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, ауыл ішінде, мекемелер аулаларында, аудан орталығында, «Оқшы ата мазараты» аумағында, «Батыс Европа – Батыс Қытай» тас жолын бойында бекітілген аймақ бойынша тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді. Ауылды абаттандыру мақсатында санитарлық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, елді мекен ішінде 1000 нан аса түрлі саялы ағаштар егілді. Ауылдық округтегі мемлекеттік мекемелер аулаларына терек, қара ағаш, жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды. Балаби ауылының кіре берісіндегі жолдың бойында әр жылдарда ауыл азаматтарының демеушілігімен белгілі бір аумақ қоршалып, ағаш егу жұмыстары дәстүрге айналған десек те болады. Осы жылы ауылымыздың 1969 жылы туылған азаматтарымен осы аумақты кеңейтіп, қосымша 0,20 га жерді қоралап, ағаш егуге демеушілік жасау келісілді. Елдімекенді аяқсумен қамтамасыз ету мақсатында Арын каналының 7 кмін бетондау үшін жоба-сметалық құжаттарын дайындауға «Балаби-2004» ӨК төрағасы П.Күзембаев демеушілік жасауда. Сарысу өңірінен мал шаруашылығын дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне конкурсқа 920 га жер ұсынылды. . Өндірістік және тұтыну қалдықтарының (күл-қоқыс) тастайтын 2 га жер қоршалды. Ауыл тұрғындарының демеушілігімен мешіт асханасы қабырғасы қаланып, төбесі жабылды.

    Жарияланды:
    Жоба

    «Талаптан ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №39/21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ: 1.«Талаптан ауылдық округінің 2026-2028жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы№39/21 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңаредакциядажазылсын: «1. Талаптан ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдердебекітілсін: 1) кірістер – 109 058 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер –15 005мың теңге; салықтық емес түсімдер –55мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0; трансферттердің түсімдері – 93 998 мың теңге; 2) шығындар – 117 008,1 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0; бюджеттік кредиттер – 0; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0; қаржы активтерін сатып алу – 0; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті)– -7 950,1 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 7 950,1 мың теңге; қарыздар түсімі – 0; қарыздарды өтеу – 0; бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 7 950,1мың теңге.» Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. ЛауазымыАты-жөні

    Жарияланды: