Райым ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    «Райым ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің іс-қимылын, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    «Райым ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып Арал аудандық әкімдігі болып табылады.

    Райым ауылдық округі - Қызылжар және Шөмішкөл елді мекендерінен құралған. Халық саны - 1626 тұрғын. Қожалық саны - 279 үй. Халықтың көпшілігі мал шаруашылығы және балық шаруашылығымен айналысады. Округте 2 орта мектеп, мектеп жанынан құралған 2 шағын балабақша жұмыс жасауда. Сонымен бірге, арнайы 1 балабақша, 1 бөбекжай, 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб, тиіптік жобадағы дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік пункт халыққа жұмыс жасайды. Ауыл балаларына спорттық алаңдар және ойын алаңы орналасқан. Шөмішкөл-Қызылжар бағытындағы 12 км автомобиль жолына қатты тас төселіп жол салынған. Қызылжар - Арал бағытындағы автомобиль жолына асфальт жабындысы төселінген. Белсенді халық саны 710, тұрақты жұмыспен -396 адам қамтылған. Шаруа қожалықтар саны -10, Шағын кәсіпкерлер саны- 38. Райым ауылдық округі әкімшлік аппаратында - 1 әкім, 2 бас маман, 3 статистик, 1 жүргізуші, 1 тазалықшы жұмыс жасайды.