Қосаман ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    «Қосаман ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің іс-қимылын, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    «Қосаман ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып Арал аудандық әкімдігі болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Бюджет

    Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №485 «2026-2028 жылдарға арналған Қосаман ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №485 «2026-2028 жылдарға арналған Қосаман ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №485 «2026-2028 жылдарға арналған Қосаман ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2026-2028 жылдарға арналған Қосаман ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: кірістер – 90 575 мың теңге; салықтық түсімдер – 5 818 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 0; трансферттер түсімдері – 84 757 мың теңге; 2) шығындар – 90 575 мың теңге; таза бюджеттік кредиттеу – 0; бюджеттік кредиттер – 0; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0; қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0; қаржы активтерін сатып алу – 0; мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0; бюджет тапшылығы (профициті) – 0; бюджет тапшылығын қаржыландыру(профицитін пайдалану) – 0; қарыздар түсімі – 0; қарыздарды өтеу – 0; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары– 0». Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын . Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады Арал аудандық мәслихатының төрағасы Б. Турахметов 2026 жылғы « » № ______ Арал аудандық мәслихатының шешіміне 1-қосымша 2025 жылғы «23» желтоқсандағы № 485 Арал аудандық мәслихатының шешіміне 1-қосымша Қосаман ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджеті Санаты 2026 жыл сомасы (мың теңге) Сыныбы Ішкі сыныбы Атауы 1 2 3 4 5 1. Кірістер 90 575 1 Салықтық түсімдер 5 818 01 Табыс салығы 1 444 2 Жеке табыс салығы 1 444 04 Меншiкке салынатын салықтар 4 360 1 Мүлiкке салынатын салықтар 40 3 Жер салығы 320 4 Көлік құралдарына салынатын салық 4 000 05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар 14 3 Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер 1 4 Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар 13 5 Трансферттердің түсімдері 84 757 02 Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 84 757 3 Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер 84757 Функционалдық топ 2026 жыл сомасы Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Бағдарлама Атауы 2. Шығындар 90 575 01 Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 41 913 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 41 913 001 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 41 913 05 Денсаулық сақтау 103 124 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты 103 002 Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізуді ұйымдастыру 103 07 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 2524 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 2524 008 Елде мекендердегі көшелерді жарықтандыру 537 009 Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету 1987 08 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 46 035 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 46 035 006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау 46 035 3. Таза бюджеттік кредит беру 0 Бюджеттік кредиттер 0 5 Бюджеттік кредиттерді өтеу 0 4. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0 Қаржы активтерін сатып алу 0 5. Бюджет тапшылығы (профициті) 0 6. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 0 қарыздар түсімі 0 қарыздарды өтеу 0 8 Бюджет қаражатының пайдаланатын қалдытары 0 1 Бюджет қаражатының бос қалдықтары 0 01 Бюджет қаражатының бос қалдықтары 0 2 Есепті кезең соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары 201,1 01 Есепті кезең соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары 0 «2026-2028 жылдарға арналған Қосаман ауылдық округінің бюджеті туралы Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 485 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Арал аудандық мәслихатының сессиясы шешімінің жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 96-бабына, және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес, «2026-2028 жылдарға арналған Қосаман ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал ауданындық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 485 шешіміне өзгерістер енгізу жоспарлануда. Кірістер «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 461 шешімін іске асыру туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 213-қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Арал ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 09 шілдедегі № 95-қ қаулысына сәйкес аудандық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер 1680,0 теңгеге ұлғайтылғаны ескерілсін. Шығындар «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 461 шешімін іске асыру туралы» » Арал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 213-қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Арал ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 09 шілдедегі № 95-қ қаулысына сәйкес аудандық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттері есебінен 124009 «Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасына Елді мекенді санитариялық қамтамасыз ету мақсатында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын-алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге 1680,0 теңгеге ұлғайту жоспарлануда.

    Жарияланды:
    Бюджет

    Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №485 «2026-2028 жылдарға арналған Қосаман ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №485 «2026-2028 жылдарға арналған Қосаман ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №485 «2026-2028 жылдарға арналған Қосаман ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2026-2028 жылдарға арналған Қосаман ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: кірістер – 88 895 мың теңге; салықтық түсімдер – 5 818 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 0; трансферттер түсімдері – 83 077 мың теңге; 2) шығындар – 88 895 мың теңге; таза бюджеттік кредиттеу – 0; бюджеттік кредиттер – 0; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0; қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0; қаржы активтерін сатып алу – 0; мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0; бюджет тапшылығы (профициті) – 0; бюджет тапшылығын қаржыландыру(профицитін пайдалану) – 0; қарыздар түсімі – 0; қарыздарды өтеу – 0; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары– 0». Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын . Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады Арал аудандық мәслихатының төрағасы Б. Турахметов

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қосаман ауылдық округі туралы

    Қосаман ауылдық округі және атауының шығу тегі: Бұл топоним аумақты мекен еткен тарихи ру атынан немесе сол өңірде өмір сүрген құрметті тарихи тұлғаның есімінен қойылған. Қазақ шежіресі бойынша, «Қосаман» атауы Кіші жүз, Қарасақал руынан тараған ұрпақ есімімен (мысалы, шежіреде Маңғытай тармағынан тарайтын Бекеттің баласы ретінде) тығыз байланысты. Сонымен қатар, округ аумағында XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына жататын тарихи Қосаман кесенесі орналасқан Қосаман ауылдық округі 2005 жылы құрылған. Оған дейін бұл елді мекендер көршілес ірі шаруашылықтар мен ауылдық кеңестердің құрамында болған. Тәуелсіздік жылдарындағы әкімшілік-аумақтық реформалар нәтижесінде, Қосаман ауылы орталығы болып табылатын жеке ауылдық округ ретінде бөлініп шықты. Қосаман ауылдық округі Арал ауданының солтүстік бөлігінде, Кіші Борсық (немесе Арал маңы Қарақұмы) құмды алқабының аумағында орналасқан. Округтің жалпы жер көлемі 4317гектарды құрайды. Қосаман ауылдық округінде 117 тұрғын үй орналасқан. Жалпы халық саны 670 адамды құрайды. Қосаман ауылдық округі экономикасының негізгі бағыты — дәстүрлі мал шаруашылығы болып табылады. Өңірдің Арал маңы Қарақұмы мен Кіші Борсық құмды аймағында орналасуы және шөлді климаты төрт түліктің ішінде, әсіресе, құмға төзімді мал түрлерін өсіруге өте қолайлы. Қосаман ауылдық округінің әлеуметтік инфрақұрылымы ауыл тұрғындарының күнделікті тіршілігіне қажетті білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларын толық қамтиды. Округ бойынша негізгі нысандардың басым бөлігі орталық — Қосаман ауылында шоғырланған. Қосаман ауылдық округінің инженерлік инфрақұрылымы орталықтандырылған коммуналдық желілермен және көлік-байланыс жүйелерімен қамтылған. Өңірдің географиялық шалғайлығы мен құмды аймақта орналасуына байланысты инженерлік жүйелерді дамыту және жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Сумен жабдықтау: Округтің елді мекендері таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жергілікті жерде орталықтандырылған су құбыры желісі жұмыс істейді. Электрмен жабдықтау: Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар орталықтандырылған электр желісі жүйесіне толықтай қосылған және тұрақты жарықпен қамтылған. Жылыту және газ жүйесі: Аймақтағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер автономды жылыту жүйелерін пайдаланады. Арал ауданының шалғай ауылдарын кезең-кезеңімен газдандыру жоспарлары қарастырылуда. Автомобиль жолдары: Округ аумағы арқылы маңызды инженерлік-көліктік жоба — «Бейнеу – Сексеуіл» автожолының бір бөлігі өтеді. Бұл жол Қосаман, Ақеспе ауылдарын аудан орталығымен және көршілес аймақтармен байланыстыратын басты логистикалық артерия болып табылады. «Қосаман ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми байланыс ақпараттары мен мекенжайы төмендегідей: Заңды мекенжайы: 120116, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қосаман ауылдық округі, Қосаман ауылы, Қосаман көшесі, 59-үй. Байланыс телефоны +7 (72433) 4-22-01. Ресми электрондық поштасы: [email protected]

    Жарияланды: