Қызылорда облысы Арал ауданы Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    «Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Шешім

    Шешім жобасы

    Жоба Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 472 «2026-2028 жылдарға арналған Аққұм ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №472 «2026-2028 жылдарға арналған Аққұм ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2026-2028 жылдарға Аққұм ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 116 421 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 11 412 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 0; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0; трансферттер түсімдері – 105 009 мың теңге; 2) шығындар – 117 440 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0; бюджеттік кредиттер – 0; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0; қаржы активтерін сатып алу – 0; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 019,0 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 019,0 мың теңге; қарыздар түсімі – 0; қарыздарды өтеу – 0; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 019,0 мың теңге.». Аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады. Арал аудандық мәслихатының төрағасы Б. Турахметов Арал аудандық мәслихатының 2026 жылғы « » тамыздағы № шешіміне қосымша Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы «23» желтоқсандағы № 472 шешіміне 1-қосымша Аққұм ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджеті Санаты 2026 жыл сомасы (мың теңге) Сыныбы Ішкі сыныбы Атауы 1 2 3 4 5 1. Кірістер 116 421 1 Салықтық түсімдер 11 412 01 Табыс салығы 3 027 2 Жеке табыс салығы 3 027 04 Меншiкке салынатын салықтар 8 332 1 Мүлiкке салынатын салықтар 110 3 Жер салығы 36 4 Көлік құралы салығы 7 888 5 Бірыңғай жер салығы 298 05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар 53 3 Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер 38 4 Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар 15 5 Трансферттердің түсімдері 105 009 02 Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 105 009 3 Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер 105 009 Функционалдық топ 2026 жыл сомасы Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Бағдарлама Атауы 2. Шығындар 117 440 01 Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 50 996 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 50 996 001 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 50 646 022 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 350 07 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 6 940 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 6 940 008 Елде мекендердегі көшелерді жарықтандыру 1 637 009 Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету 5 303 011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 0 08 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 59 504 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 59 504 006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау 59 504 13 Басқалар 0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 0 040 Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру 0 3. Таза бюджеттік кредит беру Бюджеттік кредиттер 0 6 Бюджеттік кредиттерді өтеу 0 4. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0 Қаржы активтерін сатып алу 0 5. Бюджет тапшылығы (профициті) -1 019 6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 1 019 Қарыздар түсімі 0 Қарыздарды өтеу 0 9 Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы 1 019 1 Бюджет қаражатының бос қалдықтары 1 019,9 01 Бюджет қаражатының бос қалдықтары 1 019,9 2 Есепті кезең соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары 0,9 01 Есепті кезеңінің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары 0,9 «2026-2028 жылдарға арналған Аққұм ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №472 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Арал аудандық мәслихатының сессиясы шешімінің жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 96-бабына, және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес, «2026-2028 жылдарға арналған Аққұм ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №472 шешіміне өзгерістер енгізу жоспарлануда. Кірістер «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №461 шешімін іске асыру туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №213-қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Арал ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 09 шілдедегі №95-қ қаулысына сәйкес аудандық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер 4428,0 теңгеге ұлғайтылғаны ескерілсін. Шығындар «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №461 шешімін іске асыру туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 213-қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Арал ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 09 шілдедегі №95-қ қаулысына сәйкес аудандық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттері есебінен 124009 «Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасына Елді мекенді санитариялық қамтамасыз ету мақсатында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын-алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге 4428,0 теңгеге ұлғайту жоспарлануда.

    Жарияланды: