Жангелдин ауданының Ахмет Байтұрсынұлы ауылы әкімі аппараты

    Жангелдин ауданының Ахмет Байтұрсынұлы ауылы әкімі аппараты

    1) ауыл әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдың бюджетін жоспарлау және атқару, сондай-ақ ауылдың коммуналдық меншігін басқару салаларында жергілікті атқарушы органның функцияларын жүзеге асыру;

    2) Президенттің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру;

    3) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді жариялау;

    4) аппарат жұмысын жоспарлайды, кеңестер, семинарлар және басқа да іс-шараларды өткізеді, оларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады;

    5) Ахмет Байтұрсынұлы ауылы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды;

    6)Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

    7) Ахмет Байтұрсынұлы ауылы әкімінің аппараты жоспарға сәйкес іс жүргізуді ұйымдастырады;

    8) жеке және заңды тұлғалардың қызметтік құжаттары мен өтініштерін қарайды, әкімнің жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастырады;

    9) мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға бағытталған шараларды қабылдайды;

    10) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бойынша жұмыс жүргізеді;

    11) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

    12) елді мекенді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

    13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыретіне жататын функцияларды жүзеге асырады.