Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылдық округі әкімінің аппараты
Қамысты ауылдық округі Қостанай облысының батысында орналасқан, 2020 жылы құрылған, солтүстік-батысында Жітіқара ауданымен, солтүстігінде Денисов ауданымен шектеседі.
Әкімшілік орталығы-Қамысты ауылы, Қамысты ауданының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.
Жаңалықтар
Құжаттар
«2026 жылғы 26 маусымдағы №25 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» ауылдық округ әкімінің шешімінің күшін жою туралы»
«2026 жылғы 26 маусымдағы №25 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» ауылдық округ әкімінің шешімінің күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Қамысты аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 13 қарашадағы №01-25/356 ұсынуы негізінде Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1.Ауылдық округ әкімінің 2026 жылғы 26 маусымдағы №25 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылсын. 2.Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылының №3 (ОАА) отарлық жайылымдық тобында ірі қара малдың бруцеллез ауруынан сауықтыру бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары алынсын. 3.Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қамысты ауылдық округінің әкіміБ.Мендаулетов

