«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ainala» тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиялы (аутизмді қоса алғанда) мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ
Ж А Р Ғ Ы С Ы
Жалпы ережелер: «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ainala» тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиялы (аутизмді қоса алғанда) мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – коммуналдық мемлекеттік мекеме) – коммерциялық емес, заңды тұлға мәртебесіне ие, ұйымдық-құқықтық нысанында.
- Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме Ақтөбе облысы әкімдігінің 23 сәуір № 73 «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ainala» тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиялы (аутизмді қоса алғанда) мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы қаулысына сәйкес құрылды.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы – Ақтөбе облысының әкімдігі (бұдан әрі – құрылтайшысы).
5.1. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқаруды жүзеге асыратын органы – «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі– тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.
5.2. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган–«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі–мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы) болып табылады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы : «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ainala» тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиялы (аутизмді қоса алғанда) мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі толық атауы: коммунальное государственное учреждение «Реабилитационный центр для детей с инвалидностьюс нарушением опорно-двигательного аппарата и психоневрологическими патологиями (включая аутизм) «Ainala» государственногоучреждения «Управление координации занятости и социальных программ Актюбинской области».
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылы, Жақсымай ауылдық округі, Новостройка көшесі, 71Б үй.
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
Коммуналдық мемлекеттік мекеме мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап құрылған есептеледі және заңды тұлғаға ие болады.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық мемлекетік мекеменің дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтанбасы бейнеленген және кәсіпорнының атау бар бланкілері, мөрі болады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзінің қол астындағы ақшамен міндеттемелері бойынша жауап береді. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорында ақшаның жетіспеушілігі болған кезде оның міндеттемелері бойынша жәрдемшілік жауапкершілікті әкімшілік -аймақтық бірлік облыстық бюджет қаражаттарымен беріледі.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мекемесінің аймақтық бөлімшілерінде міндетті тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме қ ызметінің мәні мен мақсаттары
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметінің мәні – психоневрологиялық патологиялары бар мүгедектігі бар балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға арналған арнаулы жартылай стационар жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:
1) «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығының «Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты» № 2-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі – стандарт).
2) Орталыққа қабылдау, қызмет көрсету және шығару стандартқа сәйкес жүргізіледі.
3) Мүгідектігі бар балалардың жеке дамуын, әлеуметтендіру және ықпалдастыру деңгейін арттыруға бағытталған жеке қажеттіліктерін ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
4) Көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;
5) Кемсітушіліктің барлық түрлерінен, физикалық және психикалық зорлықтан, қорлаудан, дөрекіліктен қорғау болып табылады.
- Мақсатқа жету үшін коммуналдық мемлекетік мекеме арнаулы әлеуметтік қызметтердің мындай түрлерін жүзеге асырады:
-әлеуметтік-тұрмыстық;
-әлеуметтік-медициналық;
-әлеуметтік-психологиялық;
-әлеуметтік-педагогикалық;
-әлеуметтік-еңбек;
-әлеуметтік-мәдени;
-әлеуметтік-экономикалық;
-әлеуметтік-құқықтық;
- Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) коммуналдық мемлекеттік мекемені құру, қайта құру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- Мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2) мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18.1. Мекемені жалпы басқаруды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
18.2. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмысын үйлестіреді;
2)коммуналдық мемлекеттік мекемеге әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асырады;
3) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
4) коммуналдық мемлекеттік мекемеге тиесілі мүліктің нысаналы пайдалануы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
5) коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқарып отырған лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
6) коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;
7) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
8) коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген мүлікті алуға немесе қайта таратып бөлуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға келісім береді;
9) коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін анықтайды;
10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алуға немесе қайта таратып бөлуге келісім береді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, мекеменің тиісті саласы бойынша уәкілетті орган басшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
20) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы коммуналдық мекемеге жүктелген міндеттерге жеке жауапкершілік етеді, оған басшылық жасайды.
21) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаттары негізінде әрекет етеді және коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы жарғымен айқындалған өз құзыреті шегінде дербес шешеді.
22) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) сенімхатсыз коммуналдық мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүдделерін мемлекеттік органдарында, басқа да ұйымдарда білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін іссапарларға жіберу, тағылымдамадан өткізу, қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша жоспарларын бекітеді;
6) банктік шоттар ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) басқару органы тағайындайтын қызметкерлерді қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
10) өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және коммуналдық мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және басқару органында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме мен жергілікті атқарушы орган арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің және оның еңбек ұжымының өзара қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және ұжымдық шартпен анықталады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің пайда болу тәртібі
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкін оның теңгерімінде көрсетілетін құны бар активтері құрайды. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі мынадай көздер есебінен қалыптастырылады:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі нәтижесінде алынған мүлік (оның ішінде ақшалай кірістер);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен басқаруға құқылы емес.
- 27. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында коммуналдық мемлекеттік мекемеге табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, мұндай қызметтен түскен ақшалай қаражат тиісті бюджетке аударылуға жатады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметі егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе облыстық бюджеті есебінен қаржыландырылады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілікті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынады.
- Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасында Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру және ревизиялау мемлекеттік органдармен жүргізіледі.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменіңе жұмыс тәртібі
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
- Құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды құрылтайшы немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өкілеттік береді.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшы құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
- Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Коммуналдық мемлекеттік мекеменінің ф илиалдары мен өкілдері туралы мәлімет
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.