«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Ақтөбе облысы бойынша патриоттық тәрбие мен жастар саясатын орындау функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдық құқықтық мекеме нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес мекеме болып табылады.

    Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні түрлі патриоттық және мәдени іс-шаралар өткізу, мәдени құндылықтарды дамыту, экспонаттар жинау, көрмелер ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Ақтөбе облысында мәдени-демалыс қызметі саласындағы ұлттық мәдениеттерді сақтау, халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру, семинарлар өткізу, жастарға мәдени- патриоттық тәрбие беру жүйесін дамыту болып табылады.

    Басшылық: директор Тупенова Бағдаш Абдижамиқызы

    Мекен-жайы: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Әлия ауылы, К. Байсеитова көшесі , 40А үйі

    Байланыс телефоны: 8(71341)24-5-95

    e-mail: [email protected]

    Сайт: patriotaliya.kz

    Жұмыс тәртібі: күн сайын сағат 09.00-18.00. демалыс сенбі, жексенбі.

    БСН: 060240011397