«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекеменің «№3 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№3 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

    ЖАРҒЫСЫ

    1- тарау. Жалпы ережелер

    «№3 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) стационар жағдайында (үш айға дейінгі мерзіммен тәуліктік, тұрақты немесе уақытша), (алты айға дейінгі мерзіммен ұзақ немесе уақытша) арнаулы мемлекеттік қызмет көрсетуге мұқтаж үштен он сегіз жасқа дейінгі жастағы психоневрологиялық патологияларымен мүгедектігі бар балалар (бұдан әрі – мүгедектігі бар балалар), арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған заңды тұлға мәртебесі бар мемлекеттік мекеме болып табылады.

    1. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

    3.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Ақтөбе облысының әкімдігі (бұдан әрі – құрылтайшы) болып табылады.
    4.1.Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқаруды жүзеге асыратын органы «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.
    4.2. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган – «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган).

    5.Мекеменің толық атауы:

    Қазақ тілінде: «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№3 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Центр социального обслуживания №3» государственного учреждения «Управление координации занятости и социальных программ Актюбинской области».
    6.Мекеменің тұрған жері: 030001, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Жаңа қоныс тұрғын алабы, 322 үйі.
    2-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
    7.Коммуналдық мемлекеттікмекемемемлекеттіктіркелгенсәтіненбастапқұрылғанболыпесептеледіжәнезаңдытұлғаиеболады.

    1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Коммуналдық мемлекеттік мекеменің дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.

    9.Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлға құра ала алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы бола алмайды.

    1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзінің қол астындағы ақшамен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорында ақшаның жетіспеушілігі болған кезде оның міндеттемелері бойынша жәрдемшілік жауапкершілікті әкімшілік-аймақтық бірлік облыстық бюджет қаражаттарымен береді.

    2. Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мекемесінің аймақтық бөлімшелерде міндетті түрде тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.

    3-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
    12.Мекеме қызметінің мәні арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады.
    13.Мекеме қызметінің мақсаттары:
    1) мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдар үшін жасы мен денсаулық жағдайына сай үй жағдайына жақындатылған тыныс-тіршілік жағдайын жасау;
    2) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің стандартына сәйкес бюджеттік негізі стационар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымды №263 бұйрығы. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда №32941 болып тіркелді).
    3) мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдардың жеке даму, әлеуметтендіру және ықпалдастыру деңгейін арттыруға бағытталған жеке қажеттіліктерін ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
    4) көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;
    5) кемсітушіліктің барлық түрлерінен, физикалық және психикалық зорлықтан, қорлаудан, дөрекіліктен қорғау болып табылады.
    14.Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін Мекеме мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
    1) мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдардың ауруларын, жай-күйінің ауырлығын, жасын ескере отырып, орналастыру, оларды жаңа жағдайға бейімдеу бойынша іс-шаралар жүргізу;
    2) мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдардың жеке басына қол сұғылмаушылық пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
    3) қолайлы моральдік-психологиялық ахуал жасау;
    4)сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнайы әлеуметтік қызметтер кешенін көрсету арқылы мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдарға жан-жақты көмек көрсету;
    5) мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдардың тұру жағдайын жақсарту, келушілерді қабылдау үшін жағдайды қамтамасыз ету;
    6) мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдардың жеке және құнды заттарының сақталуын қамтамасыз ету;
    7) мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдардың отбасы мүшелерін (заңды өкілдерін) арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, олардың оған құқықтарын, ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;
    8) персоналдың еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру және біліктілігін жоғарылату;
    9) стационар жағдайында тұратын және қамқорлыққа мұқтаж балаларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мекеме әкімшілігіне жүктелген қызметтерді атқару;
    10) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалтуды жүргізу;
    11) Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;

    1. Мекемеге осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

    2. Мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле жергілікті атқарушы органның, прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

    4-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару

    1. 17. Директор Орталықтың басшысы болып табылады.

    2. 18. Директорды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Құрылтайшы уәкілетті органның келісімі бойынша лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

    3. Директор Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, уәкілетті органға бағынады және Орталыққа жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауаптылықта болады.

    4. Директор жеке басқару қағидатымен әрекет етеді және Орталықтың қызмет мәселелерін өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

    5. Директор Орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда оның мүддесін білдіреді, Орталықтың мүлкі мен қаражатына мемлекеттік меншік туралы заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, келісімшарттар жасайды, сенімхаттар, оның ішінде қайталап сенім білдіру құқығымен сенімхаттар береді, банктерде Орталықтың шоттарын ашады.

    6. Директор Орталықтың қызметіне қатысты актілерді шығарады, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және босатады, ынталандыру шараларын қабылдайды, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен Орталық қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады.

    7. Өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және Орталықтың өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігі аясын айқындайды.

    8. Орталықтың, сондай-ақ мансаптық орталық қызметкерлерін даярлауға және біліктілік арттыруға жібереді.

    9. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы, осы жарғы және құрылтайшы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

    10. Орталық директорының жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеттері өзінің еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соқтырады.

    11. Құрылтайшы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Оталықтың жарғысын бекітеді.

    12. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

    1) Орталық жұмысын үйлестіреді;

    2) Орталыққа әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асырады;

    3) Орталықтың жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

    4) Орталыққа тиесілі мүліктің нысаналы пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

    5) Орталық директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымнан босату негіздемесін айқындайды;

    6) Орталықтың құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;

    7) жылдық қаржылық есептемесін бекітеді;
    8) Орталыққа берілген мүлікті алуға немесе қайта таратып бөлуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға келісім береді;
    9) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
    Коммуналдық мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттеріне жеке жауапкершілік етеді және іске асырады.
    Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
    29.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы Коммуналдық мемлекеттік мекеменің іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының бекітілген заңнама тәртібінде:
    1)Коммуналдық мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
    2)Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүдделерін мемлекеттік органдарына, басқа да ұйымдарда ұсынады;
    3)шарттар жасасады;
    4)сенімхаттар береді;
    5)іссапарлар, сынақтар, қазақстандық және шетел оқу орталықтарында және қызметкерлердің басқа біліктілігін арттыру түрлерімен қызметкерлерді оқыту бойынша Коммуналдық мемлекеттік мекеменің тәртібі мен жоспары бекітеді;
    6) банктік шоттар ашады;
    7)барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
    8)Коммуналдық мемлекеттік мекеме, тек қана Басқару органы тағайындаған қызметкерлерден басқасын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
    9)Қазақстан Республикасының бекітілген заңнама тәртібінде Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне ынталандыру және тәртіптік жаза шараларын қолданады;
    10)Өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;
    11)Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы жарғыда және Басқару органында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
    30.Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасынан Коммуналдық мемлекеттік мекеме және жергілікті атқарушы орган арасындағы қарым-қатынас реттеледі.

    1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің және Басқару органның өзара қатынастары Қазақстан Республикасының әрекетті заңнамасымен реттеледі.

    2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің және оның еңбек ұжымының өзара қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Ұжымдық шартпен анықталады.

    5-тарау.Коммуналдық мемлекеттік мекемемүлкінің пайда болу тәртібі
    33.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі, құны оның теңгерімінде көрсетілген, заңды тұлғалардың активтері құрайды.
    Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі:
    1)оған меншік иесі берген мүлік;
    2)өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай табыстарды қоса алғанда);
    3)Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.
    34.Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзіне тіркелген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өздігінен беруге немесе басқа да тәсілдермен өкім етуге құқықсыз.
    35.Егер де Қазақстан Республикасының заңдарымен Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің кіріс әкелген жағдайда, осындай қызметтен түскен қаржы бюджетке аударылуы тиесілі.
    36.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына қосымша қаржыландыру көзі бекітілген жағдайда, облыстық бюджетінен қаржыландырады.
    37.Коммуналдық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүргізеді.
    38.Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасында мемлекеттік органдармен Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметіне ревизия және тексеріс жүргізіледі.
    6-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс режимі
    39.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бекітіледі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларына қайшы болмауы тиіс.
    7-тарау. Құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
    40.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырларды құрылтайшы немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өкілеттік беріледі.
    41.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшы құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
    8-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекеменіқайта ұйымдастыру және тарату
    42.Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
    9-тарау Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдері туралы мәлімет
    43.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдері жоқ.