Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Байланыс деректері

    Қабылдау бөлімі: 8 (72346) 50-131
    Электрондық пошта: [email protected]

    Әлеуметтік желілер:

    Мектептің сайты: http://satbaev-aqsuat.edu.kz/

    Мекен-жайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Жәнтікей ауылы, Б.Сарсенов көшесі 12/1
    2GIS картасындағы мекен-жай:https://go.2gis.com/8f9Zm


    Жалпы мәліметтер

    • Салынған жылы: 2010 ж.

    • Жобалық қуаттылығы: 180 орын

    • Барлық қызметкерлер саны / оның ішінде педагогтер саны: 85 / 46

    • Ғимараттың жалпы ауданы, қабат саны, сипаты: 4696 кв.м, 2 қабат, кірпіш

    • Оқу кабинеттерінің саны: 16

    • Жылу жүйесі: ТЭН


    Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Мектептің тарихы

    Балаларды ауылда оқытуды алғаш қолға алған Жәнтікей қажы Бұзаубайұлы 1890–1891 жылдары медресе салдырған, жанынан мешіт тұрғызған.

    • 1935 жылы Ерназар бастауыш мектебі ашылды. Мектепте Қарағаш, Үмбет, Ерназар колхоздарының балалары оқыды.

    • 1937 жылы Ерназар жетіжылдық мектебі құрылды.

    • 1942 жылғы қазан айында жетіжылдық мектеп Бүкілодақтық жарыстың жеңімпазы атанып, Қызыл Ту орденімен бірге 10 000 сом ақшалай сыйлыққа ие болды.

    • 1946–1947 оқу жылында жетіжылдық мектеп қысқарып, бастауыш мектепке айналды.

    • 1962–1963 оқу жылында мектеп іріленіп, сегізжылдық мектеп болып қайта құрылды.

    • 1964 жылы 5 ақпанда мектепке аса көрнекті геолог, ХХ ғасырдағы қазақ ғылымын ұйымдастырушы, Қазақ Ғылым Академиясының академигі Қ.И.Сәтбаев аты берілді.

    • 1967 жылы орта мектепке қайта құрылып, 1968 жылы алғашқы түлектер мектепті тәмамдады.

    Елбасының тапсырмасы негізінде табиғат апатынан кейін қысқа мерзімде жаңа үлгідегі ауыл салынды.
    Облыс әкімі Б.М.Сапарбаев 2011 жылғы 22 наурызда заманауи мектептің ашылу салтанатына қатысып, мектеп лентасын қиып, пайдалануға тапсырды.