«Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Ауданда тұрғын үй қатынастары, коммуникациялар, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

    Міндеттері:

    1) аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында мемлекеттік саясатты жүргізу;

    2) аудан аумағында қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу және абаттандырудың, санитарлық жағдайдың, көгалдандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету;

    3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту;

    4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;

    5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндеттер.

    Функциялары:

    1) ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желілерін және басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастыру;

    2) автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау, аудан аумағының санитарлық жағдайын күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;

    3) автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелердің мөлшерін әзірлеу;

    4) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін басқару;

    5) ауданның коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;

    6) аудан аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

    7) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін, автомобиль жолдарын, абаттандыру объектілерін салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оның орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

    8) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастыру;

    9) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

    10) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;

    11) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастыру;

    12) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;

    13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асыру;

    14) тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;

    15) иесіз, қараусыз қалған жылжымайтын тұрғын үй мүліктерін анықтау және оларды ауданның коммуналдық меншігіне тапсыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

    16) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізу;

    17) тиісті аумақта жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

    18) жол жүрісі қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастыру әрі өткізу және олардың орындалуын бақылау;

    19) аудандық маңызы бар жолдарда, елді мекендердің көшелерінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгізу және күтіп ұстау жөніндегі барлық жұмыс түрлерінің орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз ету;

    20) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

    21) жол-көлік оқиғаларынан болған ысыраптың және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының, сондай-ақ жолдардағы авариялық деңгейін азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;

    22) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

    23) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекіту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу, маршруттар бойынша жүру кестелерін бекіту;

    24) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;

    25) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру;

    26) ауданішілік қатынастарда әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;

    27) тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

    28) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

    29) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысу;

    30) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды ауданның даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ақпараттық қызметті жүзеге асыру;

    31) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету;

    32) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.