«Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Аудандық деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету салаларында басшылықты жүзеге асыру.

    Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

    1. Мақсаты: әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.
    2. Өкілеттіктері:

    14.1. Құқықтары:

    1) егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға;

    2) Бөлім құзыры аясындағы мәселелер бойынша меншік түріне, шаруа-шылық жүргізу жағдайына қарамастан өндіріс орындарынан, ұйымдар мен мекемелерден қажетті мәліметтерді, есептерді сұратуға және алуға;

    3) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

    14.2. Міндеттері:

    1) аудан әкімдігінің бөлімдерімен бірігіп аудандық бағдарламаларды әзірлеу және оларды іске асыру;

    2) халықты атаулы әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру, аудандық бағдарламаларға сәйкес аз қамтылған азаматтарды, мүгедектігі бар адамдарды, көп балалы отбасыларын қорғау және қолдау үшін бюджеттен тыс қаржыларды тарту.

    1. Функциялары:

    1) аудандағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және облыстың жергілікті атқарушы органына хабарлау;

    2) облыстың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;

    3) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;

    4) ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингілеуді жүзеге асыру;

    5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның жұмыс орындарын құруды қолдау;

    6) облыстың жергілікті атқарушы органдарына жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатын да адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізу;

    7) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;

    8) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;

    9) өздерінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді құру және олардың қызметін бақылау;

    10) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;

    11) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

    12) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

    13) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

    14) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;

    15) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

    16) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

    17) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;

    18) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

    19) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;

    20) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсыну;

    21) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;

    22) әлеуметтік және еңбек қатынастары саласы бойынша әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстарды жүзеге асыру, әлеуметтік әріптестік бойынша үш жақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету және үйлестіру;

    23) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жұмыстарын ұйымдастыруды және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

    24) ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау;

    25) үйде тәрбиеленетін және оқылатын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету;

    26) аудан құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу, инфрақұрылым объектілерінің мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға қолайлы болуына ықпал жасау;

    27) жалғызбасты азаматтарды және мүгедектігі бар адамдарды, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы интернат үйлеріне орналастыру шараларын қабылдау, жалғызбасты азаматтарға, мүгедектігі бар адамдарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін жолдамалар беру;

    28) өз құзыреті аясында Бөлім және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу және нормалауды ұйымдастыру және жетілдіру;

    29) Бөлімдегі кадрларды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру;

    30) өз құзырындағы мәселелер бойынша Бөлімге азаматтардан түскен арыздар мен шағымдарды, ұсыныстарды белгіленген тәртіпте қарау;

    31) жекелеген санаттағы азаматтарға, оның ішінде атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

    32) туберкулез ауруымен амбулаториялық емдеуде жүрген адамдарға, қосымша тамақтануға әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

    33) өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

    34) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда не әлеуметтік мәні бар аурулары болған жағдайда, орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға әлеуметтік көмектер көрсетілуін ұйымдастыру;

    35) қатерлі ісік, оның ішінде жіті лимфобластық және жіті миелоидты лейкоз ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға әлеуметтік көмектер көрсету;

    36) кәмелетке толмағандарға және әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі өз функцияларын жүзеге асыру;

    37) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

    Бөлімнің ведомствосындағы мекемесі:

    Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жалағаш аудандық отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.