«Жетісу облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу» туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жалпы ақпарат
Мекеменің негізгі міндеттері
Коммуналдық мемлекеттік мекеме
«Жетісу» туристік ақпараттық орталығының негізгі міндеттері:
- Жетісу облысындағы туристік саланың дамуын ақпараттық қамтамасыз ету.
- Облыстың туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру, жүйелеу және тарату.
- Жетісу облысының туристік ресурстарын республикалық және халықаралық деңгейде ілгерілету.
- Ішкі және келу туризмінің дамуына жәрдемдесу.
- Туристік индустрия субъектілеріне және ілеспе салаларға ақпараттық қолдау көрсету.
- Туризм саласына инвестициялар тартуға ықпал ету.
- Өңірдің туристік тартымдылығы мен танымалдылығын арттыру.
- Ақпараттық-кеңес беру қызметі арқылы туристік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу.
- Балалар мен жасөспірімдер, экологиялық, мәдени-танымдық және белсенді туризм түрлерін қолдау.
- Жетісу облысының туристік өңір ретіндегі оң имиджін қалыптастыру.
Мекеменің негізгі функциялары
Жүктелген міндеттерге сәйкес Мекеме келесі негізгі функцияларды жүзеге асырады:
- Жеке және заңды тұлғаларға туристік-ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсету.
- Туристік маршруттар, туризм объектілері, іс-шаралар және қызметтер туралы ақпаратты жинау, талдау, өңдеу және тарату.
- Веб-сайттарды, мобильді қосымшаларды және әлеуметтік желілердегі парақшаларды қоса алғанда, туристік ақпараттық ресурстарды құру және өзектендіру.
- Туристік, имидждік, жарнамалық және ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
- Ақпараттық, пресс- және блог-турларды ұйымдастыру және сүйемелдеу.
- Жарнамалық-ақпараттық материалдарды, баспа және сувенирлік өнімдерді дайындау және тарату.
- Мемлекеттік органдармен, инвесторлармен, туроператорлармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, блогерлермен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау.
- Туризм саласындағы инвестициялық жобаларға ақпараттық қолдау көрсету.
- Туристік саланың мониторингін жүргізу және талдамалық материалдар дайындау.
- Туризмді дамыту бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
- Халықаралық, республикалық және өңірлік туристік іс-шараларды өткізуге қатысу.
- Балалар мен жасөспірімдер туризмі саласындағы іс-шараларға ақпараттық қолдау көрсету.
- Жетісу облысының туристік маршруттары мен туристік өнімдерін ілгерілету.
- Заңнамада белгіленген тәртіппен баспа және жарнамалық-ақпараттық қызметті жүзеге асыру.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына және Мекеменің қызмет мақсаттарына қайшы келмейтін өзге де функцияларды орындау.
Байланыс телефоны: 41 05 86
Қабылдау бөлімі/кенсе: 41 05 86
Бухгалтерия: 41 05 86
Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша: 41 05 86
Электрондық пошта мекенжайы: [email protected]