Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің "Тана мырза орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс ақпараты
Қабылдау бөлімі: 8 (72346) 20-947
Бухгалтерия: 8 777 748 25 61
Электрондық пошта: [email protected]
Әлеуметтік желілер:
Instagram: https://www.instagram.com/tana.mirza2022/profilecard/
Facebook: https://www.facebook.com/share/17NzLkwtX3/?mibextid=wwXIfr
Сайт: http://tanamyza-aqsuat.edu.kz
Мекенжайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, А. Жұбанова көшесі, 34
2GIS картасындағы мекен-жай: https://go.2gis.com/MvFHi
Негізгі ақпарат
Салынған жылы: 2012
Жобалық қуаттылығы: 80 орын
Қызметкерлер саны / педагогтер саны: 63
Ғимараттың жалпы ауданы, қабат саны, сипаты: 1777 кв.м
Оқу кабинеттерінің саны: 17
Жылу жүйесі: Электрлі

Мектептің тарихы
Қарғыба бойында 1929–1930 жылдары Чапаев, Ақмектеп және Қаратал атты үш бастауыш мектеп жұмыс істеді. 1948 жылы осы үш мектеп біріктіріліп, В.И.Чапаев атындағы бастауыш мектеп құрылды.
Халықтың өтініш-тілегіне сәйкес, 1986 жылы екі пәтерлі тұрғын үй есебінде жаңа мектеп ғимараты салынды және В.И.Чапаев атындағы орта мектеп ретінде пайдалануға берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жер-су атауларын өзгерту туралы шешімі негізінде, Семей облысы, Ақсуат ауданы әкімінің 1993 жылғы 9 наурыздағы №17 шешімі бойынша Чапаев ауылы және В.И.Чапаев атындағы орта мектеп Тілемісұлы Тана мырза есімімен аталды.
Тана мырза атындағы орта мектеп 1998 жылдан «орта» мектеп мәртебесін иеленді. 2011 жылы 13 желтоқсанда №345 шешіміне сәйкес мектеп коммуналдық мемлекеттік мекеме болып өзгертілді.
2012 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа заманауи үлгідегі 80 орындық мектеп ғимараты салынып, пайдалануға берілді.