Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Өкпеті орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс ақпараты
Қабылдау бөлімі: 8 (72346) 51-100
Бухгалтерия: 8 702 141 8212
Электрондық пошта: [email protected]
Әлеуметтік желілер:
Instagram: https://www.instagram.com/okpety_2025?igsh=ZHNyNTVmdmtxeXlm
Facebook: https://www.facebook.com/share/1CA4DtZur1/?mibextid=wwXIfr
Мектептің сайты: http://aqsuat-okpeti.edu.kz/
Мекен-жайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Үштөбе ауылы, Шәкіби көшесі 60
2GIS картасындағы мекен-жай:https://go.2gis.com/imADi
Негізгі мәліметтер
Салынған жылы: 2008
Жобалық қуаттылығы: 180 орын
Барлық қызметкерлер саны / оның ішінде педагогтер саны: 63 / 36
Ғимараттың жалпы ауданы, қабат саны, сипаты: 1135,4 кв.м, – қабатты
Оқу кабинеттерінің саны: 15
Жылу жүйесі: қатты отынмен жылытылатын

Мектептің тарихы
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Үштөбе ауылындағы білім ордасы – «Өкпеті» орта мектебінің тарихы 1934 жылдан басталады. Сол жылы Қабанбай шатында 20 оқушыға білім беру ұйымдастырылып, мектептің іргетасы қаланған. Мектептің алғашқы директоры әрі ұстазы – Қапанұлы Шайқожа болды.
1936 жылы Үштөбе ауылында мектеп ғимараты тұрғызылып, оған «Ленин жолы» мектебі деген атау берілген.
1934–1948 жылдары мектеп бастауыш мектеп болды.
1948–1967 жылдары – жетіжылдық мектеп.
1968–1983 жылдары – сегізжылдық мектеп.
1984 жылдан бастап орта мектеп дәрежесін алды.
1996 жылдан бастап мектептің атауы бұрынғы «Ленин жолы» атауынан «Өкпеті» орта мектебі болып өзгертілді.
2008 жылғы 1 қыркүйекте мектеп жаңа, 180 орындық ғимаратқа көшті. Жаңа мектепті салған компания – «Зайсан» құрылыс компаниясы, президенті – Б. Нұрасыл.