Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Ы.Кабеков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс ақпараты
Қабылдау бөлімі: 8 (72346) 50-245
Бухгалтерия: 8 (72346) 50-245
Электрондық пошта: [email protected]
Әлеуметтік желілер:
- Instagram: https://www.instagram.com/kabekov_school?igsh=ZWpxaTVleTBqaXJ1
- Facebook: https://www.facebook.com/share/1N6gk7GWc9/
Мектеп сайты: http://kabekov-aqsuat.edu.kz/
Мекенжайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Екпін ауылы, Ж. Нұрсафин көшесі, 44/1
2GIS картасындағы мекен-жай: https://go.2gis.com/Wb9Mn
Негізгі ақпарат
Салынған жылы: 1991 жыл
Жобалық қуаттылығы: 572 орын / 365 оқушы
Қызметкерлер саны / педагогтер саны: 113 / 55
Ғимараттың жалпы ауданы: 6861,9 кв.м
Ғимараттың сипаты: үш қабатты, типтік блокты
Оқу кабинеттерінің саны: 28
Жылу жүйесі: жылу қазандығы
Мектептің тарихы
1928 жылы Нұрмұханбет Сейітбадановтың ұйымдастыруымен және құрылыс маманы Нұролла Ысқақовтың басшылығымен «Ақмектеп» атауымен мектеп құрылысы басталды. Сол жылы, 1928 жылғы 1 қаңтарда мектеп ғимараты толық салынып, алғашқы оқушыларды қабылдады. Алғашқы оқу жылында мектепте 17 оқушы білім алды. Алғашқы мұғалімдер болып Несіпбаев Айтқазы мен Кабеков Әбдікәрім қызмет атқарды.
1930–1933 жылдары мектептің меңгерушісі әрі мұғалімі болып Кабеков Әбдікәрім жалғыз өзі еңбек етті.
1935 жылы Ақсуат ауданы құрылуына байланысты, 1935–1936 оқу жылдарында «Жаңа тілек» және «Жаңа тоған» колхоздарының орталықтарында бастауыш мектептер ашылды. Бұл мектептерде Шегебаев Заманбек, Батырханов Мәулітхан, Төлегенов Уәсіл, Шаймарданов Рамазан сияқты ұстаздар шәкірт тәрбиеледі.
1949 жылы «Жаңа тоған» бастауыш мектебінің негізінде жетіжылдық мектеп құрылды. Осы кезеңде мектеп директоры қызметін Егізбаев Қарпық атқарды. Мектептегі оқушылар саны 70–80 балаға жетті. Төрт айдан кейін директорлық қызметке Бакичев Қадыр тағайындалды.
1954 жылы мектепке Жданов есімі беріліп, директор болып Файзуллин Баяхмет тағайындалды.
1956–1957 оқу жылдарында университет бітірген, жоғары білімді маман Дәуменов Кеңес мектеп директоры қызметін атқарды.
Осы жылдары Жданов селосының орталығында бес сыныптық кабинеті бар жаңа мектеп ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Бұл білім ордасы өңірдегі халықтың сауаттылығын арттыруға, жас ұрпақты білім мен тәрбиеге баулуға зор үлес қосты.
