Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Тоғас батыр атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Байланыс ақпараты

    Қабылдау бөлімі: 8 778 642 7074
    Бухгалтерия: 8 775 548 8544
    Электрондық пошта: [email protected]
    Әлеуметтік желілер:

    Мектептің сайты: http://togasbatyr-aqsuat.edu.kz
    Мекенжайы:
    Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылы, Байбарақ көшесі 23/1
    2GIS картасындағы мекен-жай:https://go.2gis.com/mIAWG


    Негізгі ақпарат

    Салынған жылы: 1970
    Жобалық қуаттылығы: 480 орын
    Барлық қызметкерлер саны / оның ішінде педагогтер саны: 79
    Ғимараттың жалпы ауданы: 2363,3 м²
    Оқу кабинеттерінің саны: 18
    Жылу жүйесі: Қатты отын


    Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Тоғас батыр атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Мектептің тарихы:

    Ойшілік өңірінде әр кезеңде ашылған мектептердің тарихы терең тамырға ие. Қай уақытта болса да, елді басқарған зиялы қауым өкілдері мектеп ашып, елін білім мен ғылымға тартуға тырысқан.

    Ойшілік өңіріндегі алғашқы мектептердің бірі – 1917 жылы Тоғас елінің болысы Нұғыман Жұбанышовтың Томар елді мекенінде аштырған 4 жылдық мектеп болды. Сол жылы белгілі қоғам қайраткері, заңгер, журналист Көлбай Төгісов «Қазақ еңбекшілер одағы» ұйымын құрып, Зайсан қаласында съезд өткізді. Съезд шешімі бойынша әр болыс елінен мектептер мен фельдшерлік пункттер ашу міндеттелді. Сол арқылы Томардағы Нұғыман болыстың мектебі Ойшілік өңіріндегі алғашқы мектеп болып ашылды.

    Одан кейін Ойшілік өңіріне қарасты шағын елді мекендерде, қазіргі Орта Ойшілік елді мекенінде және Жартас колхозында бастауыш мектептер жұмыс істеді. 1940 жылы Томар бастауыш мектебі, Чапаев бастауыш мектебі ашылды. 1946 жылдан бастап «Комсомол» колхозында 7 жылдық мектеп жұмыс істей бастады. 1957 жылы ол орта мектепке айналды. 1957-1960 жылдары 8, 9, 10 сыныптар бітірді. Сол жылдары көрші Құлбабас ауылының балалары да осы мектепке оқуға келді.

    Мектеп директоры болып Қосаев Талғат, оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Омарбаев Қапсадық қызмет атқарды. 1958 жылдан бастап мектеп 8-ші және 9-шы сыныптарды оқытты, 1960 жылдан бастап толық орта мектеп дәрежесін алып, мемлекеттік деңгейде аттестат бере бастады.

    Сол уақыттан бері ауылдың 3600-дей түлегі білім алып, оның 1300-ге жуығы жоғары білім алып кәсіби мамандықпен қоғамға араласты. 600-ден астам оқушы 8-сыныпты бітіріп, кәсіптік техникалық білім алды, көпшілігі механизатор мамандығын игеріп, өндірісте жұмыс істеді. 110 адам арнаулы орта оқу орындарын бітіріп, қоғамнан өз орындарын тапты. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітірген түлектердің басым бөлігі мұғалімдік мамандықты таңдады.

    1962 жылы Қытайдан келген туыстардың арқасында мектептегі оқушылар саны артты. 480 орындық екі қабатты мектеп пен 120 оқушыға арналған интернат 1972 жылы пайдалануға берілді. Мектептің көбеюіне байланысты бұрынғы ескі мектеп бастауыш мектеп ретінде қолданылды.

    1991 жылы мектепте 1200 оқушы оқып, 41 сынып болды. 102 мұғалім жұмыс істеді. Интернатта 200 оқушы тәрбиеленді. 1960-1993 жылдары мектеп «Комсомол» орта мектебі аталып, кейін Тоғас батырдың атын тарихта қалдыру мақсатында «Тоғас батыр атындағы мектеп» болып өзгертілді.

    Ойшілік ауылындағы Тоғас батыр атындағы орта мектеп қазіргі білім сапасына сай білім беріп, ел болашағына үлес қосып келе жатқан маңызды білім мекемелерінің бірі болып саналады. 1990 жылы «Комсомол» орта мектебінің 30 жылдық, 2010 жылы «Тоғас батыр атындағы орта мектептің» 50 жылдық мерейтойы республикалық деңгейде атап өтілді, еліміздің түкпір-түкпірінен түлектер жиналды.