Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Сасан би атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Байланыс ақпараты

    Қабылдау бөлімі: 8 (72346) 24-184
    Бухгалтерия: 8 775 675 27 72
    Электрондық пошта: [email protected]

    Instagram: https://www.instagram.com/sasanbi_news/?hl=ru
    Facebook: https://www.facebook.com/tarb.sasanbi
    Мектептің ресми сайты: http://sasanbi-aqsuat.edu.kz/

    Мекен-жайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Құмкөл ауылы, Абай көшесі 14/1

    2GIS картасындағы мекен-жайы:https://go.2gis.com/7gRKP


    Жалпы мәліметтер

    Салынған жылы: 1979 жыл
    Жобалық қуаттылығы: 360 оқушы
    Барлық қызметкерлер саны / оның ішінде педагогтер саны: 69 / 39
    Ғимараттың жалпы ауданы: 3297,4 кв.м
    Қабат саны: 2 қабат
    Оқу кабинеттерінің саны: 21
    Жылу жүйесі: Электр ТЭН


    Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Сасан би атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Мектептің тарихы

    1929 жылы «Мойын серік» атауымен колхоз құрылып, алғашқы бастауыш мектептің негізі қаланды.
    1936 жылы Калинин, Жаңа Тоған, Жаңа Бірлік, Тегісшіл атты елді мекендер қалыптаса бастады. Осы жылдары алғаш рет төрт жылдық мектептің іргетасы қаланды.

    1951 жылы Ворошилов, Калинин, Қызыл Жұлдыз, Киров колхоздары бірігіп, Калинин атындағы іріленген колхоз құрылды. Осы кезеңде жеті жылдық мектептің негізі қаланды.

    1953 жылы М.И. Калинин атындағы колхоз ХХІІ партия съезі атындағы совхоз болып құрылып, сегіз жылдық мектептің іргетасы қалана бастады.
    1963 жылдан бастап мектеп сегіз жылдық білім беру мекемесі ретінде жұмыс істеді.
    1964 жылдан бастап М.И. Калинин атындағы орта мектеп он жылдық білім беру мекемесі болып қайта құрылды.

    1979–1980 оқу жылында мектеп жаңа үлгідегі ғимаратқа көшті.
    2000 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1001 қаулысына сәйкес Құлбабас ауылындағы бұрынғы М.И. Калинин атындағы орта мектеп «Сасан би атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
    2001 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектеп «Сасан би атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі атауымен жұмыс істеп келеді.