Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің «С. Сейфуллин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс ақпараты
Қабылдау бөлімі: 8 (72346) 20-828
Бухгалтерия: 8 777 181 6560
Электрондық пошта: [email protected]
Әлеуметтік желілер:
Мектептің сайты: https://aqsuat-seifullin.edu.kz
Мекенжайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Сатпаев ауылы, Ғ. Кемербаев көшесі, 41
2GIS картасындағы мекен-жай: https://go.2gis.com/JBsyK
Негізгі ақпарат
Салынған жылы: 1996
Жобалық қуаттылығы: 380 орын
Қызметкерлер саны / педагогтер саны: 77 қызметкер, оның ішінде 31 мұғалім
Ғимараттың жалпы ауданы, сипаттамасы: 5575,3 кв.м
Оқу кабинеттерінің саны: 17
Жылу жүйесі: электрлі

Мектептің тарихы
С. Сейфуллин атындағы мектеп – ауыл халқына білім нәрін беретін алтын бесік, ұлттық рухтың қайнар көзі. Бұл ауыл – бізге дейінгі ұрпақтар тарихының, қажырлы еңбектің, білім мен парасаттың, өнер мен спорттың, ғылым мен мәдениеттің алтын қоры жинақталған киелі мекен.
Ауылдан шыққан көрнекті адамдар: ел басқарған басшылар, өнерпаздар, қолөнершілер, ақындар, спортшылар, ғылым кандидаттары, білімді мамандар және Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер – барлығы осы мекеннің мақтанышы.
Ауыл қазақтың ұлы академигі Қ.И. Сәтбаевтың атымен аталады. Әрбір нәрсенің өзіндік қасиеті, киесі болады. Адам тағдыры да, жер тағдыры да аталған атаумен тығыз байланысты. Біз ауылымыздың осындай «Халқым мен үшін биік, мен үшін тұлғалы» деп өз елін ардақтаған тұлғаның атымен аталуын мақтан тұтамыз.
1968 жылы Сәтбаев совхозында жаңадан мектеп құрылып, орталығы салынып, мектепке Алаш арысы С. Сейфуллиннің есімі берілді. Ауыл болашағы үшін балаларды оқытып тәрбиелеген мұғалімдер, мәдениет, спорт және қоғамдық ұйым қызметкерлерінің еңбегі зор. Сол кездегі аға ұрпақтың атқарған істері кейінгі ұрпаққа үлгі болып келеді.