Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Қожагелді батыр атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Байланыс деректері

    Қабылдау бөлімі: 8 (72346) 2-13-54
    Бухгалтерия: 8 (72346) 2-22-72
    Электрондық пошта: [email protected]

    Әлеуметтік желілер

    Мектептің ресми сайты: http://kojageldibatyr.edu.kz

    Мекен-жайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы, Қабанбай батыр көшесі 26
    2GIS картасындағы мекен-жай:https://go.2gis.com/sEmA2


    Мектеп туралы жалпы мәлімет

    • Салынған жылы: 1967 жыл

    • Жобалық қуаттылығы: 437 оқушы

    • Барлық қызметкерлер саны / оның ішінде педагогтер: 175 / 102

    • Ғимараттың жалпы ауданы: 2960 ш.м

    • Қабат саны: 3 қабатты

    • Ғимарат сипаты: типтік, кірпіш

    • Оқу кабинеттерінің саны: 25

    • Жылу жүйесі: электрлі


    Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Қожагелді батыр атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Мектептің тарихы

    Мектеп 1966 жылы Ақсуат ауылында орыс тілінде оқытатын сегізжылдық мектеп ретінде өз жұмысын бастады. 1966–2000 жылдар аралығында мектепті 1484 оқушы бітіріп шықты. Оның ішінде 63 түлек «Алтын медаль», «Күміс медаль» және «Ерекше үлгідегі аттестат» иегерлері атанды.

    1978 жылдан бастап мектепке орта мектеп мәртебесі беріліп, 1979 жылы «ВЛКСМ-нің 60 жылдығы» атауы берілді. 2006 жылы мектеп атауы «№2 Ақсуат орта мектебі» болып өзгертілді.

    2020 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде білім беру ұйымы «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ болып қайта аталды.

    Мектеп Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде «Үздік ауыл мектебі – 2021» номинациясының иегері атанды.

    2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Қожагелді батыр атындағы орта мектеп «Тірек мектебі» ретінде бекітіліп, «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасына енгізілді. Жоба аясында магниттік мектептерге арналған оқу сессиялары өткізіліп, ауылдық мектептерде білім беру сапасын арттыруға бағытталған құзырет орталықтары құрылды.

    Жоба шеңберінде 250 млн теңге көлемінде қаржы бөлініп, STEM-зертхана, робототехника, информатика, химия, биология, физика, математика, география, тарих, ағылшын, орыс, қазақ тілдері, телестудия, ART-студия, мектепалды даярлық, бастауыш сынып, музыка, алғашқы әскери дайындық, ағаш және металл өңдеу, тігін шеберханалары қамтылған 30 оқу кабинеті, әдістемелік кабинет, психолог кабинеті, кітапхана және спортзал толық жабдықталды. Мектептің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайтылды.

    2024 жылы мектеп оқушылары ЮНЕСКО Әлемдік мұра ұйымының «PLANETA, ӨNER – 2024» халықаралық жастар фестиваліне қатысып, белсенділік танытқаны үшін «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ халықаралық сертификатпен марапатталды.

    2025 жылғы 10–13 қараша аралығында Жапонияның Хиросима қаласында өткен WALS – Дүниежүзілік Lesson Study қауымдастығының конференциясына мектеп ұжымы қатысып, Абай облысы мен білім ордасының абыройын халықаралық деңгейде танытты. Атап айтқанда:

    • орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанова Нұргүл Төлегенқызы,

    • директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанбекова Амангүл Керейханқызы,

    • география пәні мұғалімі Алдажарова Айгерім Маратқызы

    зерттеу жұмыстарын ұсынып, презентация жасап, халықаралық спикер сертификаттарына ие болды.


    Мектеп директорларының хронологиясы

    1. Т. Оспанов

    2. Т. Косаев

    3. О. Отт

    4. Б. Баязов

    5. Е. Құттыбаев

    6. Т. Жакупбаев

    7. Б. Көшкімбаев

    8. Е. Абсалямов