Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Ю. Гагарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс ақпараты
Қабылдау бөлімі: 8 (72346) 50-436
Бухгалтерия: 8 (72346) 50-436
Электрондық пошта: [email protected]
Әлеуметтік желілер:
Мектептің сайты: http://gagarin-aqsuat.edu.kz
Мекенжайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Қарғыбы ауылы, 2 орам, 68
2GIS картасындағы мекен-жай: https://go.2gis.com/EJR09
Негізгі ақпарат
Салынған жылы: 2005
Жобалық қуаттылығы: 180 оқушы
Қызметкерлер саны / педагогтер саны: 81 / 50
Ғимараттың жалпы ауданы, қабат саны, сипаты: 1979 кв.м, 2 қабатты, типтік, кірпіш
Оқу кабинеттерінің саны: 14
Жылу жүйесі: Жылу қазандығы, қатты отын

Мектептің тарихы
Мектеп 1928–1932 жылдары ауылдық кеңеске қарасты 4 бастауыш мектеп ретінде құрылып, шамамен 80 бала оқып, 4 мұғалім қызмет етті. 1950 жылдарға дейін осы мектептер жұмысын тоқтатпаған.
1950–1951 оқу жылдары Жаңа жол 7 жылдық мектебі ашылды. Мектеп директоры – Оспанов Қойшыбай.
1951–1963 жылдары мектеп директорлары: Ә. Сағынаев, Қ. Сәрсенбаев.
Оқу ісінің үздіктері: Т. Уалиханов, М. Ахметова, К. Өтеуов, А. Химадиев, Н. Тыныбаев, А. Тыныбаев, С. Рақышева.
Кейінгі жылдары еңбек жолын бастаған үздік қызметкерлер: Сайраш Әбішқызы, Әнуарбек Абсалямов, Әмина Құрманғалиева, Б. Қасенғазина – "Ы. Алтынсарин төсбелгісі" иегерлері.
1962 жылы "Жаңа жол" жетіжылдық мектебі алғаш ғарышкер Ю. Гагариннің аты беріліп, 8-жылдық мектепке айналды. Ауыл халқымен бірге мектеп ғимараты салынды.
1991 жылдан бастап мектеп 11-жылдық орта мектепке айналды.
2020 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес мектеп "Ю. Гагарин атындағы орта мектеп" КММ болып өзгертілді.
Мектеп түлектері арасында:
С. Қалиев – филология ғылымдарының докторы, профессор
М. Джамбубекова – педагогика ғылымдарының докторы, профессор
А. Ақаев – энергетика ғылымдарының докторы, профессор
А. Нұрғазезова – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
1993 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мектептен 42 "Алтын белгі" және үздік аттестат иегерлері шыққан.
2018 жылы мектепке химия, биология, физика, робототехника кабинеттері жабдықталып, материалдық-техникалық базасы жаңартылды.
2024 жылы білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі қорытындылары бойынша мектеп ҚР Білім және ғылым министрлігінің сапаны қамтамасыз ету комитетінің дипломымен марапатталды.
Абай облысы білім басқармасы "Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы" КММ мектептің нәтижелері үшін алғыс хат берді.
Аудандық кезеңде "Орта білім беретін үздік ұйым" грантының ІІ орнын иеленді.
Мектеп директорларының хронологиясы
Оспанов Қойшыбай
Сағынаев Әшім
Сәрсенбаев Қали
Ахметжанов Қалихан
Қалиаждаров Орынбек
Жүнісов Жұмағали
Жұмажанов Қайырлы
Сарұлов Бейісхан
Дәуенов Қуанышбек
Қойшыбекова Бақытгүл
Ақылбеков Ержан
Омаров Қайрат