Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс ақпараты
Қабылдау бөлімі: 8 (72359) 28-171
Бухгалтерия: 8 705 417 05 02
Электрондық пошта: [email protected]
Әлеуметтік желілер:
Instagram: @ganimuratbaev2020
Facebook: https://www.facebook.com/gani.m.ratbaev.mektebi.kindikti/
Сайт: http://muratbaev-aqsuat.edu.kz
Мекенжайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Кіндікті ауылы, С.Сағындықов көшесі 1
2GIS картасындағы мекен-жай:https://go.2gis.com/QZv6z
Негізгі ақпарат
Салынған жылы: 2012
Жобалық қуаттылығы: 130 орын
Қызметкерлер саны / педагогтер саны: Мұғалімдер – 30, балабақша қызметкерлері – 16, техникалық қызметкерлер – 28
Ғимараттың жалпы ауданы, қабат саны, сипаты: 2303 кв.м, 2 қабатты, кірпіштен салынған
Оқу кабинеттерінің саны: 16
Жылу жүйесі: ТЭН

Мектептің тарихы
1965 жылдың тамыз айында жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын еді. Сол кезде 1 қыркүйекте басталатын оқу жылына дайындық жүріп жатты. Алғашқы жоспар бойынша мектеп сегіз жылдық мектеп ретінде ашылуы керек болатын.
Жаңа мектептің жай-күйімен танысу үшін облыстық білім басқармасының бастығы Маржан Кажыгелдин, облыстық қаржы бөлімінің бастығы Белгібай Шокаев және аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Талгат Косаев келді. Құрылыстың қарқыны келген қонақтарға ұнады.
Мағжан аға мектептің жай-жапсарын көрген соң: «Бізге қандай арыз-арманың бар?» – деп сұрады. Сол кезде мен: «Мектепті он жылдық, яғни орта мектеп деңгейінде ашсаңыздар» – дедім.
Тамыз айының соңында мектеп-интернатты қабылдауға комиссия жіберілетіні хабарланып, барлық жұмысшылар күн-түн демей күш-жігерін жұмсады. Адамдардың қажырлылығы арқасында 1965 жылдың қыркүйегінде Карл Маркс атындағы сегіз жылдық Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің алғашқы қоңырауы соғылды.
Мектеп директоры қызметіне Қабділрашид Қайымов тағайындалды.