Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Би Боранбай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс ақпараты
Қабылдау бөлімі: 8 (72346) 27-241
Бухгалтерия: 8 (72346) 27-241
Электрондық пошта: [email protected]
Әлеуметтік желілер:
- Instagram: https://www.instagram.com/bi_boranbai1970
- Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=61554724375452
Мектептің сайты: http://biboranbai-aqsuat.edu.kz/
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Ақсуат ауданы, Қызылкесік ауылдық округі, Қызылкесік ауылы, Қ. Көнекбайұлы орамы, 57-ғимарат
2GIS картасындағы мекен-жай:https://go.2gis.com/4bmyO
Негізгі ақпарат
Салынған жылы: 1970 жыл
Жобалық қуаттылығы: 460 орын
Қызметкерлер саны / педагогтер саны: 95 / 48
Ғимараттың жалпы ауданы: 3243,7 кв.м
Оқу кабинеттерінің саны: 22
Жылу жүйесі: жылу қазандығы

Мектептің тарихы
Мектептің тарихы 1928 жылдан бастау алады. Осы жылы Семей облысы Қызылтас ауданы құрылған кезеңде оқу орны төрт жылдық бастауыш мектеп ретінде ашылды.
1936 жылы мектепке С. М. Кировтың есімі беріліп, жетіжылдық мектеп мәртебесіне ие болды.
1938–1939 оқу жылында мектепті алғаш рет 18 оқушы жетіжылдық біліммен аяқтап шықты.
1940–1941 оқу жылында мектеп орта білім беретін оқу орнына айналды. Алайда 1942–1943 оқу жылдары Ұлы Отан соғысына байланысты ересек оқушылардың майданға аттануына орай мектеп қайтадан жетіжылдық болып қалды.
1953–1954 оқу жылында мектеп қайтадан орта мектеп мәртебесін алды.
1993–1994 оқу жылында мектепке Абылай хан мен Қаракерей Қабанбай батырдың серігі, мемлекет қайраткері Би Боранбайдың есімі берілді.
2022 жылы Абай облысы білім басқармасы Ақсуат ауданы білім бөлімінің шешімімен оқу орны
«Би Боранбай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
Бұл білім ордасынан ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, ел басқару ісінде еңбек еткен азаматтар мен түрлі салада танылған тұлғалар түлеп ұшты. Мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамы әрдайым жоғары деңгейде болып келеді.
Мектеп директорлары мен басшылары
Сұнғатолла Тоқсанбаев – мектептің іргесін қалаушылардың бірі, алғашқы ұстаз. Арнаулы мектеп ғимаратын алғаш ашқан, 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін құрбаны.
Ислям Сәбитов – 1951–1954, 1956–1958, 1960–1962 жылдары директор. ҚР «Еңбек сіңірген мұғалімі».
Құрмаш Самарханов – 1930–1931 жылдары директор, елдің әлеуметтік-мәдени дамуына үлес қосқан.
Егізбай Абылғазин – 1932–1937 жылдары директор, кейін ақталған.
Бейсекеш Қобдашов – 1937–1939 жылдары директор, ҰОС ардагері.
Тұқти Мағзұмов – 1939–1940 жылдары директор.
Нұртай Досжанов – 1941–1942 жылдары директор, математик.
Уәсіл Төлендин – 1943–1944 жылдары директор, тіл маманы.
Мағауия Қасқабаев – 1944–1946 жылдары директор, биолог.
Әшім Сағынаев – 1946–1947 жылдары директор.
Ғаббас Жүнісов – 1954–1956 жылдары директор, математик.
Мұздыбай Бейсенбаев – 1958–1960 жылдары директор, тіл маманы.
Жүнісов Жұмағали – 1963–1967 жылдары директор, тарихшы.
Жұмаш Болсынбеков – 1967–1969 жылдары директор.
Әділғазы Қасенғазин – 1969–1979 жылдары директор.
Совет Тоғызбаев – 1979–1985 жылдары директор.
Мұрат Қаратаев Оспанханұлы – 1985–1993 жылдары директор.
Қуаныш Төкенұлы Бейілғожин – 1993–1995 жылдары директор.
Қаһарбек Қадырұлы Бәкішев – 1994–1996 жылдары директор.
Талап Абайкенұлы Сұмағұлов – 1996–2003 жылдары директор.
Бауыржан Сайлауұлы Молдаханов – 2004–2013 жылдары директор.
Қайрат Уәшұлы Омаров – 2013–2023 жылдары директор.
Жанерке Абетайқызы Тұрғамбаева – 2024–2025 оқу жылында директор.
Ержан Нұрланұлы Қаженов – 2025 жылдан бастап мектеп директоры.