«Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Абай облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Мекеменің мақсаттары:

    1. Абай облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында түрлі деңгейдегі (аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық) спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

    2. Халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен айналысуға қызығушылықты арттыру және әртүрлі жастағы адамдарды бұқаралық спортқа тарту.

    3. Спорттық іс-шараларды әдістемелік, ұйымдастырушылық және техникалық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, спорт ұйымдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау.